28 Мамыр 2025

Manshuq.com 27.05.25 – "Күнде таңертең машинама "Мені жерге қаратпа" деймін": Ұлдай Онбаева қателік жасауға болмайтын кәсіп жайлы

"Казхроммен" бірге жүзеге асып жатқан арнайы жоба аясында 28 жыл бойы Хромтау қаласындағы Дөң тау-кен байыту комбинатында еңбек етіп келе жатқан Ұлдай Онбаевамен әңгімелестік. Шахтадағы көтергіш машинаны басқарушы Ұлдай бұл мамандықтың қыр-сырымен бөлісіп, жас мамандар жайлы ойы мен армандарымен бөлісті.

Тәжірибесі - Дөң тау-кен байыту комбинатында 28 жыл

Лауазымы - Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахтаның көтергіш машинасын басқаратын машинист, "Қазхром ТҰК" АҚ-ның филиалы

Әуелде Ұлдай Онбаева еңбек жолын Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты "Мұғалжар" демалыс орталығында еден жуушы болып бастаған болатын. Көп ұзамай Ұлдай жұмыстан шығып, тұрмысқа шықты және араға біраз уақыт салып ана атанды. Сәбилі болу - Ұлдайдың өмірін 180 градусқа өзгерткен сәттердің бірі еді.

Ұлдай жай ғана жұмыс істеп қоймай, жақсы табыс тауып, қолдан келгенше дамып, өз өмірін өзгерткісі келетінін сәбилі болғанда түсінген екен

дереккөзі