30 Мамыр 2025

«Соколовская» шахтасы мерейтойын 100 миллионыншы тонна кенмен қарсы алады

ERG құрамындағы «ССКӨБ» АҚ «Соколовская» шахтасының ұжымы мерейлі меже 100 млн тонна кен өндірді. Бұл – тау-кен алыбы бөлімшелерінің бірінің тарихындағы маңызды кезең.

Өндірістік рекордқа шахтаның 50 жылдық мерейтойы қарсаңында қол жеткізілді. Ол үшін 461 мың қума метрден астам кен қазбаларынан өтіп, 8,4 млн қума метр пайдалану және геологиялық барлау ұңғымаларын бұрғылау қажет болды. Шахта тарихы 1975 жылдан бастау алған. Оның құрылысы Соколов кен орнының Солтүстік учаскесін жерасты әдісімен игеруге қатысты жобалық тапсырмаға сай басталды. Кен орнын игеруден бөлек, «Соколовская» шахтасы Соколов және Сарыбай карьерлерінің жерасты сутөкпе қондырғыларына, сондай-ақ Сарыбай карьерінің кезек тоннельдеріне қызмет көрсетеді. Шахтаның құрылымында алты негізгі кен учаскесі және алты қосалқы учаске бар.

– Жүз миллион тонна кен – бұл біздің жұмысымыздағы үлкен жетістік, - деп атап өтті «Соколовская» шахтасының бастығы Павел Раков. – Мерейлі меже ауқымды, бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда жаңа деңгейжиектер салу және одан ірі көлемдерді өндіру қамындағы елеулі жұмыс күтіп тұр. Шынында да, біздің кен орнымыздың кен қоры тағы ондаған жылдарға жетеді.

Бүгінгі таңда шахта ұжымы – 1000-нан астам адам. Өндіріс процесі реттелген. Шахта жұмысының басынан бастап жерасты кен қазбаларын жүргізу негізінен жылжымалы және доңғалақты-рельсті жабдықтардың көмегімен бұрғылау-жару тәсілімен жүзеге асырылады. Дәстүрлі жабдыққа 2010 жылы өздігінен жүретін техника қосылды. Ол кеншілер өз еңбегін қорғап, жетілдіруге сеп болды.

Шахта іске қосылған сәттен бері бөлімшенің әлеуметтік саласында түбегейлі өзгерістер болды. 2018 жылдан бастап әкімшілік-тұрмыстық кешенде ауқымды жаңарту жүргізілуде. Барлық душ бөлмелерінде, киім ауыстыратын бөлмелерде, жұмысшыларды жұмыстарға бөліп таратуда, акт залдарында, асханада және басқа да тұрмыстық орынжайларға күрделі жөндеу жүргізілді. Шахтадан көтерілген кезде қызметкерлер өздерін мүмкіндігінше жайлы сезінуі үшін әр қадам ойластырылған.

Жүз миллион тонна темір кенін өндіру – «Соколовская» шахтерлерінің бірнеше буынының жұмыс нәтижесі. Шахта ұжымы даңқты еңбек дәстүрлерін сақтап, көбейте алды және ССКӨБ тұтынушыларын сапалы темір кені шикізатымен қамтамасыз ету мәселесін шешуге елеулі үлес қосуды жалғастыруда.