Eurasian Resources Group (ERG) 3 жылдық мерзімге 100 млн АҚШ долларына дейінгі сомаға халықаралық несие рейтингі бар кепілдендірілген купонды облигациялар шығаратынын хабарлайды. Қазақстанның құнды қағаздар нарығында алғаш рет «Қазақстан даму банкі» АҚ қолдауымен жергілікті заңнамалармен реттелетін, мемлекеттік емес облигациялар шығарылғалы отыр. ERG құрамындағы елдегі бастапқы алюминий шығаратын жалғыз кәсіпорын – «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ облигацияларын Қазақстан қор биржасында (KASE) орналастырады.
Облигациялар шығару ERG-дің берешек капталының ұйымдастырылған нарықтарында орнықты позицияларын қалыптастыру қамындағы маңызды қадам.
KASE алаңына орналастырылатын облигациялар АҚШ долларымен белгіленген. Шығарылымның жалпы көлемі – 100 миллион АҚШ доллары көлемінде. Әр облигацияның құны – 1 000 АҚШ доллары межесінде. Облигациялардың айналым мерзімі – 3 жыл, жарты жыл сайынғы купондық төлемдері бар. Берешектің негізгі сомасы айналым мерзімінің соңында, 1 реттік төлеммен өтеледі.
Moody’s рейтинг агенттігі бұл шығарылымға халықаралық несие рейтингінде инивестициялық деңгейі «Ваа1» деп бағалап отыр.
ERG Директорлары кеңесінің төрағасы, Бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов: “Еurasian Resources Group өзінің ұзақ жылдық тарихында алғаш рет жариялы берешек құралын шығарғалы отыр. Осылайша, біз қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтіп, бизнестің ұзақмерзімді өсім бағдарламасы мен өндіріс қуатын кеңейтуге талпынамыз. ERG мен «Қазақстан даму банкі» АҚ командаларының бірлескен, табысты жұмысын баса айтқым келеді. Соның нәтижесінде елімізде алғаш рет жергілікті заңнамалармен реттелетін, халықаралық инвестициялық рейтингі бар мемлекеттік емес облигациялар нарыққа шығады. Бұл қазақстандық компанияларға қаржыландыру тартудың қосымша мүмкіндіктерін ұсынып, қор нарығында жаңа сегменттің пайда болуына сеп» деді.
Облигацияларға «Қазақстан даму банкі» АҚ кепілдігін ұсынған. Оның ешбір шартсыз, әрі қазақстандық құқықпен реттелетіні инвесторлар үшін жоғары деңгейді сенімділікті қамтамасыз етеді.
Құнды қағазды орналастыру ісінде есеп-айырысу агенті – «Құнды қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ.
***
Қазақстан электролиз зауытының халықаралық стандарттарға сай келетін, жоғары сапалы отандық алюминий шығарып келе жатқанына 17 жылдан асты. Өнімге әлемде сұраныс жоғары. Отындық бастапқы алюминий тотығын қазақстандық кәсіпорындар, жақын және алыс шетелдегі компаниялар сатып алады. Елдегі теңдессіз өндіріспен етене жақын танысқыңыз келсе, өндіріске саяхаттап қайтуға болады. Ол үшін мына сілтемемен өтіп өтінім қалдырыңыз.
Осы орайда, 2007 жылы іске қосылған кәсіпорын жыл соңына дейін 11 мың тонна бастапқы алюмний тотығын өндіргенін айта кету керек. 2010 жылы өндірістің екінші кезегі іске қосылып, кәсіпорын жспарлы қуат – жылына 250 мың тонна алюминий өндіре бастады. Жыл өткен сайын өндіріс қарқынын арттырып, 2025 жылдың наурыз айында кәсіпорын өндірісті қолға алғаннан бергі 4 миллионыншы тонна бастапқы алюминий өндірді.