Мы используем файлы cookie, чтобы улучшать качество взаимодействия пользователей с нашим сайтом и персонализировать его содержимое. Продолжая использовать наш веб-сайт без изменения настроек, Вы соглашаетесь на использование нами файлов cookie. С дополнительными сведениями о том, как мы используем файлы cookie, можно ознакомиться здесь.
Арнайы комиссияға ҚР ТМЖ Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары жетекшілік етеді.
Комиссия құрамында «Қазхром» ТҰК» АҚ өкілдері – бас кенші Евгений Булатов пен тау-кен ісі жөніндегі директоры Азат Бектұрғановтар енген. Салалық комиссиялар құрамына енген Дөң ТКБК-ның жетекші мамандары да жұмысқа жұмылдырылған.
Нысандағы барлық өндіріс, құрылыс-монтаж жұмыстары түгел тоқтатылғанын естеріңізге саламыз. Қызметкерлер өзге өндіріс алаңдарына ауыстырылып, шахтада тек оның қызметін қамдаушы мамандар ғана қалған.
Оқиға ізінше мемлекеттік органдардың өкілдері шахтада болып, қайтты. Атап айтқанда: төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төлепбергенов пен Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеевтер. Кәсіпорын басшылары, бас мамандары мен мемлекеттік ведомстволардың өкілдерін жұмылдырған келелі кеңес өтті.
Оқиға салдарынан зардап шеккен 3 маман қазір ем алып жатыр. Олардың екеуі санитарлық авиация көмегімен Астана қаласына жеткізілді. Бірі Ақтөбе қаласындағы медициналық мекемеде.