04 Маусым 2025

ERG тарихи геологиялық есептердің электронды каталогын мемлекетке тапсырып жатыр

XV халықаралық Astana Mining & Metallurgy тау-кен металлургия конгресі аясында Eurasian Resources Group (ERG) пен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті геологиялық деректерді тапсыру туралы келісім шарт жасасты.

Құжатта ERG Қазақстанның минералды-шикізат қорын дамытуға септесіп, тарихи геологиялық есептердің электронды каталогын мемлекетке тапсыратыны жазылған.

Қазір Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушыларға арналған бірыңғай «MINERALS.GOV.KZ» тұғырнамасы бар. ERG кәсіпорындары өзекті өндірістік мәселелерді шешуде оны барынша кеңінен қолданады. Тұғырнамада қазірдің өзінде ондаған мың геологиялық есеп жинақталып, тарихи геологиялық деректердің электронды каталогы жасалған. Алайда, олар бір жүйеге келтірілмеген. Олардан деректерді жылдам табу мен жиналған мәліметтерді өңдеу қиын. Әдетте мұнда мәтін, jpg немесе pdf форматтарында сканерленген құжаттар топтастырылады. Геологиялық мәліметтерді сараптау үшін бұған қосымша көп уақыт пен еңбек ресурстарын шығындап, қорға түскен ақпараттарды өңдеп, жүйелеу қажет болады.

Сондықтан, ERG Геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ұсыну жөніндегі ұлттық оператор – «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ, «Запказнедра» мен  «Севказнедра» аймақаралық департаменттерінің республикалық және аймақтық геологиялық қорларынан алынған құпия емес геологиялық есептерді саралауға ыңғайлы етіп, цифрландарып, жүйеледі. Есептердің мәтін мен графикалық мазмұны жіктелген, негізгі сөздер бойынша іздеу мүмкіндігі бар электронды каталог жасалды. Одан бөлек, Arcgis бағдарламасына байланған геологиялық орналасуын қамтитын графикалық деректер катологы әзірленді. Оны веб-қосымшалар көмегімен қарай аласыз. Тарихи геологиялық есептердің жүйеленген каталогы электронды фоматта 2017 жылдан бері түзіліп келді. Теңдесі жоқ мұрағат 1934 жылдан бүгінгі күнге дейін Қостанай мен Ақтөбе облыстарында жүргізілген зерттеулер жайлы 898 есепті қамтиды.

Электронды база құру геологиялық қызметтің жұмыс тиімділігін арттырып,  еліміздің минералды-шикізат базасын нығайтуға сеп болды. ERG осы каталогты одан ары сақтап, толықтырып, геологиялық ақпараттарты тарата алуы үшін ҚР ӨжҚМ Геология комитетінің иелігіне беріп отыр. Одан бөлек, кейбір аймақтар бойынша векторлық мәліметтер де табыс етіледі. Онда палеозой іргетасы мен қыртыстардың геологиялық картасы, кен орындарының орналасу картасы, жүйелі қалыптастыру карталары, геофизилық зерттеулерді тектоникалық аймақтау мен интерпретациялау карталары да қамтылған. 

- ERG компаниясының геологиялық есептердің электронды каталогын мемлекет меншігіне беруі – Қазақстанның геология саласын дамытудағы маңызды қадам, - деп атап айтты ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров. – Бүгінде жер қойнауын пайдаланудың тиімділігі геологиялық мәліметтердің қолжетімділігі, дәлдігі мен толық болуына тікелей байланысты. Сол себепті мемлекеттік саясат пен бизнес деңгейіндегі стратегиялық шешімдерді қабылдау кезінде цифрландыру процесі шешуші факторға айналып отыр. Бүгінгі мысал жер қойнауын пайдалану ісінде заманауи технологияларды тиімді қолданудың жақын бір көрінісі. Біз бұл бастаманы тарихи геологиялық ақпараттарды жаңа технологиялық форматтарда біріктіру мен тиімді пайдаланудың табысты моделі деп білеміз. Бір жағынан бұл – мемлекет пен жеке сектор арасындағы тиімді серіктестік. Сондықтан, маңызды осы бастамасы үшін ERG компаниясына алғыс білдіреміз. Бұл қадам геологиялық барлау саласындағы жаңа цифрлық трансформация жобаларына негіз боларына сенімдіміз. Геология комитеті бизнеспен, ғылыми қауымдастық пен халықаралық серіктестермен ашық әрі орнықты жер қойнауын пайдалану ісінде серіктестікті нығайта түсуге әрдайым дайын.

- ERG жер қойнауын пайдалану саласында цифрлық технологияларды дамытуға бағытталған мемлекеттік бастамаларды қолдаудың маңызын жете түсінеді. Біз деректер қорын беру, жер қойнауын барлау мен еліміздің минералды ресурстарын игеру саласындағы шешім қабылдау процесіне қарқын береріне сенімдіміз. Бұл біздің қазақстандық геологияны дамытуға қосқан үлесіміз,- деді ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов.

 ERG тұғырнаманы жаңа есептермен және тақырыптық карталарды векторизациялау ісін жалғастыра береді. Компания мәліметтер базасын кеңейту мен еліміздің геологиялық ресурстарын тиімді пайдалану ісіне мүдделі тараптармен одан әрі серіктесе жұмыс істеуге даяр.