Моноқала «Tugan Qala» жобасының бесінші маусымын әдемі әрі функционалды инфрақұрылым нысандарының жақсы өсімімен қарсы алды. Келесі кезекте – 2024 жылы жеңіске жеткен жобаларды іске асыру. Осы идеяларды жүзеге асыру үшін жоба командасы жергілікті кәсіпкерлерді бірге жұмыс жасауға шақырады.
Мердігерлерден өтінім 2025 жылғы маусымның 18-і мен шілденің 7-і аралығында қабылданады. Нәтижесі 15 шілдеге дейін жарияланады.
Жобаларға дауыс беру кезеңі жылдың басында өтті, оған Хромтау тұрғындарының 14%-нан астамы қатысқан. Барлығы 36 жобалық ұсыныс қаралып, жалпы бюджеті 120 млн теңге болатын 14 үздік жоба анықталды. Қазіргі таңда оның екеуі дайындық кезеңінде. 2025 жылы шамамен он жоба жүзеге асырылады.
Төрт жыл ішінде барлығы 38 жоба жүзеге асырылды. Олардың барлығын қала тұрғындары, соның ішінде Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері ұсынған. Бұл тек балалар мен спорт алаңдары, ғимараттардағы муралдар ғана емес, сонымен қатар түрлі іс-шаралар да бар. Өткен жылы өткен «Титандар шайқасы» атты сайыс – әртүрлі қалалар мен үш елден келген қатысушылардың аудартты.
– Жобаның ерекшелігі – кез келген қала тұрғыны өз қаласын көркейтіп, жайлы етуге деген ниетін білдіруінде, – дейді Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Бауржан Утемисов. – Қызығушылық артып келеді, бұл жайлы қатысушылар саны да айтып тұр, жобалар саны жыл сайын өсуде. Ал біз үшін мұндай бастамаларды қолдау өте маңызды: бұл бір жағынан – «Қазхром» қызметкерлері үшін туған қалаларды жайлы ету, екінші жағынан – қонақтар үшін тартымды ету, ең бастысы – әркімге өз күшін сынап көруге мүмкіндік беру.
Айта кетейік, өткен жылдан бастап мердігерлерге қойылатын талаптар күшейтілді – енді олар жобалау сатысында сметалық есептеулер мен техникалық шектеулерді анықтауға қатысып, жоспарлау барысында техникалық стандарттардың сақталуына көмектеседі.
Қалай қатысуға болады?
Жобаларды іске асыруға кез келген өңірден келген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Ол үшін «Tugan Qala» порталында тіркеліп, https://tugan-qala.kz/ сайтында өтінім беру қажет.
Қатысуға белгілі бір шектеулер бар – сотталған немесе мемлекеттік бюджет алдында берешегі бар тұлғаларға рұқсат етілмейді. Толық тізімді сайттан көре аласыз.