01 Шілде 2025

Қостанай облысын мектеп оқушыларына арналған білім беру керуені — «Mynbala.kz» мобильді кванториум жобасы аралап жүр

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қостанай облысында ерекше білім беру жобасы – «Mynbala.kz» мобильді квантмобиль өз жұмысын бастады.

Жоба 10 елді мекеннің мектеп оқушыларына бағытталған. Бастама Eurasian Resources Group (ERG), Allur компаниялары мен «Talimger» қоғамдық қорының қолдауымен қолға алынған.

2025 жылдың 26 маусымы мен 31 шілдесі аралығында білім беру керуені Қостанай, Жітіқара, Лисаков, Қарабалық, Рудный, Ұзынкөл, Тобыл, Әулиекөл, Амангелді және Арқалық қалалары мен ауылдарын аралайды.

Жобаның мақсаты — оқушыларға кәсіби бағдар беретін, заманауи және қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыру. Бағдарлама сызу, математика, физика, инженерлік жобалау, кәсіпкерлік және жасанды интеллектпен жұмыс істеу негіздерін қамтиды. Әр оқушы жеке кәсіби портфолиосын жасап, кәсіби диагностикадан өтеді.

Mynbala.kz жобасы 7–10 сынып оқушыларына, техникалық бағытқа қызығушылық танытқан ата-аналарға, мұғалімдерге, мектеп психологтары мен кәсіби бағдар мамандарына, сондай-ақ өңірдегі техникалық колледждер мен университет өкілдеріне арналған.

Балалар робототехника, 3D-модельдеу, электротехникамен танысып, кәсіпкерше ойлау қабілеті мен жасанды интеллектпен жұмыс дағдыларын дамытады. Сондай-ақ, инженерлік-техникалық бағыттағы мамандықтарға қызығушылығын арттырып, болашақ кәсібін саналы түрде таңдауға мүмкіндік алады.

Мектептерде бұл жоба қосымша білім беруге тәжірибелік бағытты енгізуге, оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға, колледждермен, ЖОО-лармен және кәсіпорындармен байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Серіктес компаниялар бұл бастама өндіріс талабына сай білікті мамандар дайындауды және білім беру мекемелерімен серіктестік қатынастарды нығайтады деген үмітте.

«Mynbala жобасы — ERG-дің кәсіби бағдар беруге арналған ауқымды бағдарламасының бір бөлігі. Бала кім болғысы келетінін нақты білсе — оның болашағы бар. Ал компаниялар сол таңдауға көмектессе — саланың болашағы бар. Біз оқушыларға мамандықтар туралы ақпарат ұсынып, өз бағытын табуға көмектесеміз. Бұл қате таңдаудан сақтайды. Бұл – жұмыссыздықты, кәсіби қанағаттанбаушылықты болдырмаудың жолы. Ал компаниялар үшін бұл — ертеңгі күні саланы дамытатын мықты әрі ынталы кадрларды даярлаудың тиімді құралы. ERG үшін Mynbala — бизнес пен мектеп оқушыларының мүддесі тоғысатын нүкте.» — деді ERG-дің Қазақстандағы бас директорының персонал және мәдениет жөніндегі орынбасары Анастасия Круч.

 

Жобаны қолдағандар:

Қостанай облысы әкімдігі
Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы
Қостанай облысы Білім басқармасы
«Роботек» робототехника мектебі
ERG мен колледждер альянсы
Өңірдің жетекші техникалық колледждері мен жоғары оқу орындары