01 Шілде 2025

Металлургтар күні қарсаңында және «Қазхром»ТҰК» АҚ-ның 30 жылдығына орай Ақтөбеде V мерейтойлы Kazchrome Duathlon 2025 сайысы өтті.

Қазақстандағы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында дәстүрлі жүгіріс әдеттегі спорттық шара ғана емес, командалық рух пен инновациялардың шын мерекесіне айналды. Мәселен, биыл корпоративтік командаларға арналған Corporate Team жеке аталымы енгізілді, ал арнайы VR-аймағы қатысушыларға Қазхром өндіріс әлеміне виртуалды түрде енуге мүмкіндік берді.

Жыл сайынғы турнирді ұйымдастырушылар – Ақтөбе облысының триатлон федерациясы, ERG Sport, сондай-ақ Ақтөбе қаласының әкімдігі мен полиция департаментінің белсенді қолдауымен өтті. Іс-шараның бас демеушісі – дәстүрлі түрде  «Қазхром» компаниясы болды.

Kazchrome Duathlon – үш кезеңнен тұратын жүгіру сайысынан құрылды: жүгіру – 2,5 км, веложарыс – 20 км және қайта жүгіру – 2,5 км. Бес жыл ішінде оның қатысушыларының географиясы едәуір кеңейді – спортшылар Қазақстанның түкпір-түкпірінен келеді: Ақтөбе, Қарағанды, Астана, Орал, Хромтау, Ақтау. Биылғы шараға 330-дан астам спортшы жиналды – кәсіби спортшылар, белсенді өмір салтын ұстанушылар, корпоративтік командалар және, әрине, Қазхромның филиалдары – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен Дөң тау-кен байыту комбинатының металлургтері мен кеншілері.

Жарыстар ерлер мен әйелдер арасында өткізілді. Қатысушылар әртүрлі жас санаттарына бөлініп, бұл барлық дайындық деңгейіндегі спортшылар үшін әділ әрі қызықты күресті қамтамасыз етті. Сондай-ақ, Ақтөбедегі әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың командалары да жарысқа қосылды, сондықтан Corporate Team корпоративтік санатындағы бәсекелестік ерекше болды.

- Дуатлон – мақсаттарына жетуді білетін, қиындыққа төтеп бере алатын жандарға арналған спорт түрі. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында біз металлургтер мен спортшылар арасында ортақ қасиеттердің бар екенін ерекше атап өткіміз келді. Екеуіне де төзімділік, мақсатқа және жеңіске деген ерік тән. Бұл шараның өңір шеңберінен шығып келе жатқаныны қуантады, - деп атап өтті ашылу салтанатында Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Ержан Абдулабеков.

Kazchrome Duathlon осымен екінші жыл шараны қайырымдылыққа арнады. Биыл қатысушылар бір миллион теңге жинады. Бұл қаражат марапаттау рәсімінде емдеуді қажет ететін баласы бар Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қызметкеріне тапсырылды.

Ұйымдастырушылар қонақтар мен қатысушыларға тек спорттық бағдарлама ғана емес, интерактивті аймақтар да дайындады. Триатлон-парк кеңсесінде арнайы виртуалды шындық көзілдіріктері аймағы жұмыс істеді, онда әркім өндірістегі цехқа «саяхат жасауға», металдың қалай пайда болатынын көруге, Қазхромның ауқымын сезінуге мүмкіндік алды.

Іс-шара жылы, бейресми атмосферадағы кофе-рейвпен аяқталды, мұнда қатысушылар әңгімелесіп, әсерлерімен бөлісті және есте қаларлық фотосуреттер жасады.

Шараның қалай өткенін көрейік.