16 Шілде 2025

ТКМК-ның болашағы: дәстүрден инновацияға

Ақтөбеде «Қазхром» ТҰК» АҚ 30 жылдығына орай Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде тау-кен металлургия саласының жетекші сарапшылары мен Қазақстан және ТМД елдері университеттерінің өкілдері «ТКМК-ның болашағы: дәстүрден инновацияға» атты конференцияға жиналды.

Конференция тау-кен және металлургия кәсіпорындарының болашағы – ақылды, қауіпсіз, тұрақты болуын талқылау мүмкіндігі болды. Басты назар цифрлық технологияларға, AI-шешімдерге, техногендік шикізатты қайта өңдеуге, шығындарды азайтуға және өндірістің экологиялық тұрақтылығын арттыруға аударылды.

- Біз тек өнім шығарумен шектелмей, инновацияларды енгізуге, адамдарды дамытуға және көзқарастарды өзгертуге ұмтыламыз, - деп атап өтті Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Ержан Абдулабеков. – Біз ғылым мен өндірістің бір арнаға тоғысып,  диалогтың бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз.

«Казхром» компаниясының барлық кәсіпорындарының, атап айтқанда Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыттарының, Дөн тау-кен байыту комбинатының мамандары, ERG ғылыми-зерттеу инжиниринг орталығының әріптестері, серіктес компаниялар мен академиялық қауымдастықтың өкілдері өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасып, саладағы үздік тәжірибелерді талқылауға кірісті.

- Біз өндірісті тиімдірек және экологиялық тұрғыдан таза ету жолдарын үнемі іздейміз. Мен өз баяндамамда дәстүрлі емес қалпына келтірушілерді қалай қолданатынымызды айтып бердім - олар металды тиімдірек және аз энергия шығынымен балқытуға көмектеседі. Бұл ресурстарды үнемдеумен қатар, қоршаған ортаға жүктемені азайтады, - деді конференцияға қатысушылардың бірі, Ақсу ферроқорытпа зауытының технологиялық менеджері Александр Шутов.

Ғылым мен өндіріс арасындағы ашық диалогтың маңыздылығы туралы Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің профессоры Василий Рощин былай де еске салды:

- Бірлескен талқылаулар не нәрсе жақсы жұмыс істейтінін, ал не нәрсені жақсартуға болатынын түсінуге мүмкіндік береді. Біз цифрландыру мен жасанды интеллект жүйелері металлургияға көзқарасты қалай өзгертіп жатқанын көріп отырмыз. Бірақ оларды өндірістің нақты жағдайларына, мамандардың даярлық деңгейіне, уақыттың талаптарына бейімдеу маңызды.

Конференция бағдарламасының қызықты тұсы – ГМК саласындағы техникалық жаңалықтарды талқылау болды. Мысалы, Евгений Криволапов, «Электротерм» ЖШС атқарушы директоры, энергия тиімділігі, автоматтандыру және қауіпсіздікті біріктіретін жаңа буын электр пештерін жобалау туралы баяндады.

- Мұндай технологиялар Казхром сияқты сала көшбасшыларына өте қолайлы. Олар тек бәсекеге қабілетті болуға ғана емес, сонымен қатар экологиялық жауапкершілікті де қамтамасыз етеді, - деп атап өтті сарапшы.

Конференция қатысушылары Ақтөбе ферроқорытпа зауытына барып, негізгі өндірістік кезеңдерге куә болды. Өндірістік туризммен танысып, зауыт қабырғаларында ертеңгі инженерлік идеялар қалай қалыптасатынын өз көздерімен көрді.