19 Қыркүйек 2025

Атасу және Шубаркөл кенттерінде жаңа спорт және балалар алаңдары ашылды

ERG құрамына кіретін «Шұбаркөл көмір» АҚ 40 жылдық мерейтойына орай Ұлытау облысының Атасу кенті мен Қарағанды облысының Шубаркөл кентінің тұрғындарына айрықша сый жасады. Компанияның әлеуметтік бастамасы аясында заманауи спорт және балалар алаңдары салынды.

Енді жергілікті тұрғындардың спортпен шұғылданып, белсенді демалуларына жаңа мүмкіндіктер ашылды.

Атасу мен Шубаркөлде тренажерлар орнатылған воркаут-алаңы, заманауи футбол алаңы, сондай-ақ балаларға арналған ойын алаңдары пайдалануға берілді. Воркаут-алаңында қадамдық жаттықтырғыш, қосарлы «кеудеден итеру» жаттықтырғышы, қосарлы «твистер», «степ+вело» жаттықтырғышы және турник, брус, баспалдақ пен пресс тақтасы бар көпфункционалды спорт кешені қарастырылған. Бұл аймақтар ашық аспан астында жаттығуды қалайтын жасөспірімдер мен ересектерге арналған.

Футбол жанкүйерлері үшін жаттығу мен аула ойындарын өткізуге мүмкіндік беретін жаңа мини-футбол алаңы салынды. Ал ең кішкентай тұрғындар үшін жарық әрі қауіпсіз ойын кешендері орнатылды: әткеншектер, карусель, серіппелі «шағын Кабриолет» әткеншегі, «Поляна» теңгермелі әткеншегі және сырғанағы бар ойын қалашығы.

Барлық алаңдардың жалпы аумағы 1 374 м² құрады. Жобаны іске асыруға 115 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

– Әлеуметтік бастамаларды қолдау және өңір тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру – ERG компаниясының негізгі құндылықтарының бірі. Компания қызметкерлерінің бір бөлігі осы елді мекендерде тұрады – бұл біз үшін ерекше мақтаныш. Сондықтан олардың балалары өсіп, болашақ қалыптасатын өңірлердің дамуына үлес қосу біз үшін өте маңызды, – деді «Шұбаркөл көмір» АҚ бас директоры Сергей Ким.

Өңірлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жобалар компания жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Мерейтой жылы «Шұбаркөл көмір» АҚ тек өндірістік жетістіктерін ғана емес, туған кенттердің инфрақұрылымын дамытуға қосқан нақты үлесін де көрсетуде.

Биыл «Шұбаркөл көмір» АҚ құрылғанына 40 жыл толып отыр. Қырық жыл ішінде кәсіпорын 250 млн тоннадан астам көмір өндірді. Шұбаркөл көмірі ТМД елдеріне, жақын және алыс шетелдерге, сондай-ақ көршілес мемлекеттерге жөнелтіледі.

Шұбаркөл таскөмір кен орны 1983 жылы ашылған. Алғашқы көмір 1985 жылы ашық әдіспен өндіріле бастады. 40 жыл ішінде өндірілген көмір көлемі 200 млн тоннадан асты.

2001–2025 жылдар аралығында ERG-дің Қазақстандағы әлеуметтік инвестицияларының жалпы көлемі 321 млрд теңгеден асты.