Данияда өткен EuroSkills Herning 2025 чемпионатында қазақстандық Айжан Зияданова WorldSkills халықаралық қозғалысының Best of Nation сыйлығына қол жеткізді.
Айжан қазір ERG-дің IT еншілес компаниясы BTS-те жобаларды басқарушы болып жұмыс істейді. Сонымен қатар ол бірнеше жылдан бері «Веб-технологиялар» құзыреті бойынша әлемдік чемпионаттарда сарапшы қызметін атқарып келеді.
Биылғы жарысқа Еуропаның 32 елінен 600-ден астам қатысушы жиналды. Қазақстан құрамасы 25 құзыреттілікте бақ сынап, жалпыкомандалық есепте 4-ші орынға ие болды.
Best of Nation сыйлығының ерекшелігі – ол ұлттық құраманың ең үздік өкіліне табысталады. 2025 жылдан бастап бұл марапат алғаш рет қатысушылармен қатар, сарапшыларға да табысталды.
– Қазақстан тарихында алғаш рет Best of Nation сыйлығын алу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл менің ғана емес, еліміздің де халықаралық аренадағы үлкен жетістігі, – деп атап өтті Айжан Зияданова.
Айжан 2018 жылдан бері WorldSkills халықаралық қозғалысына «Веб-технологиялар» құзыреті бойынша сарапшы ретінде қатысып келеді. Оның кәсіби жолы – табандылық пен үздіксіз дамудың үлгісі. Соңғы жылдары ол әлемдік деңгейдегі үздік сарапшылар қатарынан көрініп, бірнеше мәрте жүлдегер атанды:
• EuroSkills Graz 2021 — қола медаль
• WorldSkills Competition 2022 Special Edition — қола медаль
• EuroSkills Gdańsk 2023 — күміс медаль
• WorldSkills Lyon 2024 — 4-ші орын және шеберлігі үшін медалі
• EuroSkills Herning 2025 — 4-ші орын, шеберлік үшін медалі және Best of Nation.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда