Олжас Рахметов Джордж Вашингтон университетінің магистратурасын тәмамдаған, экономика ғылымдарының кандидаты.
Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі ACCA және PMP сертификаттарының иегері. ERG-ге 2017 жылы келгенге дейін ол халықаралық компанияларда, соның ішінде PricewaterhouseCoopers-те (Қазақстан және АҚШ кеңселері) жұмыс істеп, аудит қызметтері мен бірігу және сатып алу мәмілелері бойынша кеңес берген.
ERG-дің Қазақстандағы командасы сапында Олжас Өмірзақұлы алдымен Алюминий дивизионында капиталдық құрылыс пен инвестициялық жобалар бағытын басқарды, қаржылық блокта инвестициялық жоспарлау мен ауқымды жобаларды бақылау, сондай-ақ Қазақстан периметріндегі қаржылық есеп жүргізу бағыттарына жетекшілік етті. Қазір «Еуразиялық Топ» ЖШС-де техникалық қызмет көрсету және жөндеу (ТҚКжЖ) директоры қызметін атқарып келеді және жаңа лауазымды осы міндетімен қатар атқаратын болады.
Сервистік компанияның бас директоры қызметін осыған дейін Сергей Перепечин атқарып келген болатын. Ол 2022 жылдан бері мықты басқару командасын қалыптастырды және кәсіпорынды жаңа міндеттерге дайындады. Оның жетекшілігімен ERG Service реверстік инжинирингті меңгеріп, импортты алмастыратын өнім шығаруды жолға қойды, өндіріс қуатын толық жүктеді, білдек паркін жаңартты және жөндеу мен құрылыс-монтаж бағыттарын жаңа деңгейге көтерген жобаларды жүзеге асырды.