Рудныйдағы ERG Service Жөндеу-механикалық металл илемдеу зауыты аумағында мурал ашылды. Жаңа арт-нысанның ауданы – 440 шаршы метр. Ол ERG кәсіпорындарында іске қосылған индустриялық панельдер сериясының жалғасы.
Мурал бірден үш маңызды тақырыпқа арналды: Қазақстандағы «Жұмысшы мамандықтар жылына», Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы және ERG Service компаниясының 10 жылдығына. Бұған дейін осындай жоба Павлодар машина жасау зауытының цехын безендірген еді. Композицияның орталық бейнесі – нақты ЖММЗ қызметкерлерінің фотосуреттері негізінде жасалған жұмысшының келбеті. Қасындағы қабырғада – Абай Құнанбайұлының еңбек туралы нақыл сөзі айшықталған.
– Визуалды бейне арқылы біз еліміздің өнеркәсібін өрге сүйреген адамдарға құрметімізді жеткізгіміз келді. Мурал өндірістің қуаты мен қарқынын ғана емес, сонымен қатар мәдени тереңдігін де бейнелейді. Онда дәстүр мен қазіргі заманғы құндылықтар ұштасқан, – деді «ERG Service» ЖШС бас директоры Олжас Рахметов.
Муралдың концепциясы мен эскизін шамамен 10 күнде әзірленді. Ал бейнені қабырғаға түсіруге екі апта кетті. Безендіру барысында металл мен жалын түстері пайдаланылды – сұр және графиттен бастап, қызғылт сары мен алқызылға дейін. Стилі — индустриялық конструктивизм. Бейне айқын пішіндермен және өндірістік ырғақпен ерекшеленді. Муралға 135 литр жоғары сапалы фасадтық бояу қолданылды. Қаптаманың бірегей ерекшелігі – жаңбырдан кейін беті шаң-тозаңнан өздігінен тазарады. Бұл бояулардың қанықтығы мен ашықтығын сақтайды.
– Мурал – зауыт аумағын көркейту ғана емес. Ол – біз туралы, біздің адамдарымыздың кескін, бейнесі. Болашақты елестетуге талпынысымыз. Күн сайын жанынан өтіп бара жатқан әр қызметкер өз еңбегінің маңызы әрі қадірлі екенін көріп отырады, – дейді ERG Service құрамындағы ЖММЗ директоры Алмат Абдықалықов.
Мурал ERG кәсіпорындарында жүзеге асырылып жатқан визуалды арт-нысандар сериясының бір тармағы. Бұған дейін осындай жоба Лисаков және Павлодар қалаларында жүзеге асырылған. Жобаның ішкі корпоративтік сипатына қарамастан, оның мәдени және символдық маңызы компания шеңберінен әлдеқайда асып түседі.
Муралдың қалай салынғаны туралы бейне сілтемеде
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда