Ақтөбеде Ибрагим Еділбаев атындағы XVIII жастардың ғылыми-техникалық конференциясы өз мәресіне жетті. Бұл – ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның инженерлік бастамаларды дамытуға және инновациялық шешімдермен бөлісуге арналған ең ірі алаңдарының бірі.
Биылғы шара ERG-дің түрлі кәсіпорындарынан келген 150-ден астам жас маманды біріктірді. Қатысушылар ферроқорытпа өндірісі мен тау-кен ісінен бастап Digital & IT және экологияға дейінгі сегіз бағыт бойынша 100-ден астам жобаларын таныстырды.
2025 жылғы конференция «Қауіпсіздік жылы» аясында өтті. Бұл компанияның еңбекті қорғау мәдениетін дамытуға ерекше мән беретінін көрсетті. Алғаш рет «Қазхром» ТҰК» АҚ Бас директоры Сергей Прокопьевтің атынан еңбек және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы үздік жобаға арнайы сыйлық тағайындалды.
Бұл марапатқа «Еуразиаттық энергетикалық корпорация» АҚ қызметкерлері – Анастасия Клинк пен Данил Клинк, «ыстық цехтарда жұмыс істейтін қызметкерлерге қосымша қорғаныс құралдарын енгізу» атты жобасы үшін лайық деп танылды. Жеңімпаздарға соңғы үлгідегі смартфон табысталды.
- Қатысушылардың қалыптан тыс ойлауы мені шынымен таңғалдырды, - деді «Қазхром» ТҰК» АҚ Бас директоры Сергей Прокопьев. - Олар өз жобасы үшін бөтен кәсіпорындағы мәселені таңдады. Бұл – олардың ойлау деңгейінің жоғары екенін, өз бөлімшесінің шеңберінен кеңірек қарайтын қабілетін көрсетеді. Осындай көзқарас саланы күшейтеді. Жоба сөзсіз назар аударуға тұрарлық. Ал конференцияға қатысқан мамандар – компаниядағы инновацияларды алға жылжытады.
Конференцияның бірінші күні толықтай жобаларды қорғауға арналды. Жобалар кәсіпорын басшылары мен саланың жетекші мамандарынан құралған сарапшылар тобының қатаң бағалауынан өтті.
Қатысушылардың бірі – Дөң тау-кен байыту комбинаты фабрикасының технологы Валентина Дикусарэ. Ол IT-жобалардың айтарлықтай артуы қазіргі технологиялық үрдістердің айқын көрінісі екенін атап айтты:
- Бұл қазіргі заманның шындығы, оған біздің зерттеушілер назар аудармай тұра алмайды. Биылғы ҒТК-ның ұйымдастырылуы ерекше қуантты. Қатысушылар мен жобалардың саны көп болды. Тек біздің «Кенді байытудың озық әдістері мен технологиялары» бағытының өзінде 19 жоба ұсынылған.
Екінші күні қатысушылар кәсіби құзыреттілікті дамытуға бағытталған тренингтер мен пікірталастарға қатысты. ERG Корпоративтік университеті мен компанияның ішкі тренерлері тәжірибелік сессиялар өткізді. Олардың қатарында креативті және сыни ойлау бойынша сабақтар болды – бұл жерде командалар цифрландыру мен автоматтандырудың өз символын құрастырды. Сондай-ақ, операциялық тиімділік бойынша тренинг өтті. Ақтөбе ферроқорытпа зауытына ұйымдастырылған экскурсияны қатысушыларға ұсынылған «бонус» деуге болар.
Generation Kazchrome – бұл жай ғана жыл сайын өтетін шара емес, болашақ технологиялар талқыланар, цифрлық басқару жүйелері жетілдірілетін және өндірістегі экологиялық тәсілдер қалыптасатын ауқымды алаң. Биылғы конференция осының тағы бір дәлелі болды.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда