Қалыптасқан дәстүр бойынша Eurasian Resources Group (ERG) жыл соңында компанияның үздік бизнес-серіктестерін марапаттады. Биыл байқау саудаларында жеңіске жетіп, ERG кәсіпорындарына өнім жеткізген, жұмыс пен қызмет ұсынған барлық жеткізушілер автоматты түрде ERG Supplier Award байқауына қатысады. Олардың қай жерде орналасқаны маңызды емес. Бір анығы – белгіленген әр аталымда сапа мен баға үйлесімін, жеткізілім мерзімдерін қатаң сақтап, мойнына алған міндеттерін мүлтіксіз атқарған жеткізушілер «жеңімпаз» болады.
- Қазір бизнес, соның ішінде тау-кен металлургия саласы да, геосаяси факторлардан туындаған жалпы аумалы-төкпелі жағдайда жұмыс істеп жатыр. Сөйте тұра, біздің сатып алынатын тауарлар мен ұсынылатын қызметтерге қойылатын талаптарымыз сол қалпы жоғары болып қалады. Серіктесті дұрыс таңдау тек өндіріс ошақтарының орнықтылығы ғана емес, «туған қалаларымыздың» болашағына да әсер етеді. Байқауда жеңімпаз атанған компаниялардың ауқымы әрқилы – өңірлік жеткізушілерден бастап, кеңінен танылған халықаралық брендтерге дейін бар. ERG Supplier Award марапаты – тек атқарылған іске айтылған алғыс қана емес, ұзақ жылдар бойғы сенімді серіктестікке құрмет. Оның үстіне, бұл наградаларды беделді салалық көрмелерден көру – көңіл қуантады, - деді ERG Коммерция орталығының бас директоры Руслан Мулюкбаев.
Компания отандық өндірушілерден тауар, жұмыс пен қызметтерді сатып алу үлесін тұрақты түрде арттырып келеді. 2025 жылы олардан 1,3 трлн теңгенің өнімі мен қызметтері сатып алынған. Бұл жалпы сатып алулардың 70%-дан жоғары. Бұл Қазақстанның ірі бизнесі тарапынан жергілікті өндірушілерге сенім бар екенін әрі жеткізушілердің құзыреті жоғары екенін паш етіп тұр.
Биыл ERG импортты алмастырып, жергілікті жердегі өндірістің қалыптасуына қолдау көрсету мақсатында отандық кәсіпорындармен офтейк-контракт жасасу тәжірибесін жалғастырды. 2025 жылы жалпы сомасы 19,1 млрд теңгелік осындай келісімшарттар жасалды. Ал 2021 мен 2025 жылдар аралығында жалпы сомасы 55 млрд теңгеге жуықтайтын 72 келісімшарт жасалған. Бұл компанияның қазақстандық үлесті қолдау бағытында жүйелі жұмыс істеп жатқанын көрсетеді.
Оған қоса, ERG нарықта ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтуға да екпін түсірді. Қазақстандық өндірушілермен жалпы сомасы 196 млрд теңгеге 951 келісімшарт жасалды. Салалық қауымдастықтармен өзара тиімді әріптестіктің арқасында ірі жобаларды іске асыруға септесер сенімді жеткізушілер пулын кеңейтуге жол ашылды. Бұл ретте әсіресе Қазақстан машина жасаушылар қауымдастығымен серіктестікті атап айтуға болады.
Мәселен, «Промпривод» ЖШС-мен редукторлар жеткізу мен өндіруге қатысты келісімшарт жасалды. Олардың арасында «СВС-Модуль» ЖШС (металл конструкцияларын әзірлеу, оларды орнату мен монтаждау), «Жігермұнайсервис» ЖШС (жабдықтарға қосалқы бөлшектер жеткізу және жүк түсіру торбасын жеткізу), «РММЗ» ЖШС (жабдықтарға қосалқы бөлшектер) сияқты компаниялар да бар.
Осыдан алты жыл бұрын ERG Supplier Award марапатын ұйымдастыру туралы шешім қабылдағандағы басты мақсат – Топ пен кәсіпорындарының серіктестері арасындағы сенімді, жұмысын мінсіз атқаратын, жоғары кәсіби біліктілік танытып жүргендерге құрмет көрсету. Жүлде – компаниямен ұзақ жылдар бойы серіктес болып, сенімді ақтап келе жатқандарға алғыс. Бастаманы Топтың тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы бірыңғай орталығы – ERG Коммерция орталығы ұсынған. 2016 жылы құрылғаннан бері ERG Коммерция орталығы ERG-дегі сатып алу процестерін жетілдіріп, олардың операциялық тиімділігін арттыруға бағытталған бастамаларды бірізді әрі жүйелі іске асырып келеді.
- 2024 жылы компаниямыз – «Таврида Электрик Астана» кәсіпорны «Энергетикалық жабдықтар» аталымында «үздік жеткізуші» деп танылған болатын. Бүгінде ERG – қауіпсіздік стандарттары қатаң, корпоративтік этикасы мен сапасы жоғары елдегі тау-кен металлургия саласының үздіктерінің бірі. Бизнесті қалыптастырудағы осы жоғары талаптарымыз компаниялар арасындағы серіктестігімізге негіз болды. Біз алған марапат – ұзақ жылғы серіктестіктің нәтижесі әрі жұмыстың дұрыс бағытта жүріп жатқанын айқын көрсеткіші, - деді «Таврида Электрик Астана» ЖШС сатылым департаментінің директоры Семен Завгородний.
2025 жылы «Сүзгі материалдары» аталымында жеңіске жеткен компания – «Текстильная Компания «Техноткань» ЖШС құрылтайшыларының бірі Сергей Сыченко былай деді:
- Біздің командамыз үшін – бұл нағыз маңызды марапат. «Сүзгі материалдары» аталымындағы көптеген жеткізушілер арасынан үздік шығып, Топтың сенімді серіктесі деп танылу – үлкен мәртебе. Отандық өндірушінің өнімі ең жоғары талаптар мен стандарттарға сәйкес келгені ерекше қуаныш. Сондықтан, бұл марапатты үлкен жауапкершілік әрі ұстанымдарымыздың дұрыстығының расталғаны деп білеміз.
Биыл, 2025 жылы, Топтың төмендегі үздік жеткізушілері Supplier Award 2025 марапатының төмендегі аталымдарында марапатталды::
«Кенді байыту» – LONGi Magnet Co., Ltd
«Сүзгі материалдары» – «Текстильная Компания «Техноткань» ЖШС
«Газ тазарту қондырғылары» – Fujian Longking Co., Ltd.
«Кабель-өткізгіш өнімдері» – «Сарансккабель» ААҚ
«Электрлі қозғалтқыштар» – «Сибирский электротехнический завод» ААҚ
«Тасымалдау жабдықтары» – «ВИБРО-М» ААҚ
«Жеке қорғаныш құралдары» – «ФПГ ЭНЕРГОКОНТРАКТ» АҚ
«Құбыр өнімдері» – «Уральская торгово-промышленная компания» ЖШС
«Арқан өнімдері» – «Kaz-metiz» (Каз-метиз) ЖШС
«Тау-кен ұңғылау жұмыстары» – «ASС Stroy» ЖШС
«Лак-сырлау материалдары» – «Лакра» ЖШС
«Металл құрылымдары мен металл өнімдері» – «ЭкибастузРемЭнергоСервис» ЖШС
«Резеңке техникалық өнімдері» – «Восход» ЖШС
«Жанар-жағар май» – «Авикс Груп» ЖШС
«Реактивтер мен реагенттер» – Ecolab Company (Nalco Water)
«Тот баспайтын тор» - «фирма «КазПромСетка» ЖШС
«Жылжымалы құрамды жөндеу» – «Рудненское ремонтное депо» ЖШС
«Тасымал логистикасы» – «Ge Logistics Group» ЖШС
«Sustainability Award» – «КазАзот» АҚ
«Климатқа жауапкершілік» – RHI Magnesita GMBH
Топтың серіктесі атанғыңыз келсе, толымды ақпаратты ресми сатылым порталынан таба аласыз torgi.erg.kz.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда