26 Ақпан 2026

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты өндірістік қуатын жаңа арнайы техникалармен нығайтып жатыр

Жаңарту бағдарламасы аясында Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытына жүк көтерімділігі алты тонналық үш фронтальды жүк тиегіш пен автогрейдер жеткізілді. Арнайы техника паркін жаңарту ең алдымен қауіпсіздікті арттыруға, персоналдың жүктемесін азайтуға және өндірістік процестердің тұрақтылығына бағытталған.

Үш фронтальды жүк тиегіш те жоспарлы ауыстыру шеңберінде сатып алынды. Олар ескірген және қажетті мерзімін өтеген техниканың орнын басады. Осылайша кәсіпорын сенімділік пен пайдалану тиімділігін есепке ала отырып, техниканы тұрақты түрде жаңартып отырады.

Жаңа жүктиегіштер кәсіпорын алаңдарында, сондай-ақ шағылтас өткізу бағытында пайдаланылады. Техника шикізат пен дайын өнімді тиеуде, қойма қорларын қалыптастыруда, автомобиль көлігі мен теміржол вагондарын жүктеуде қолданылады. Ол ауысымдық тапсырмаларды орындау уақытын қысқартуға, жоспарсыз тоқтап қалу тәуекелдерін төмендетуге, экипаждар арасындағы жүктемені қайта бөлуге, ауыр және сусымалы материалдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.

Зауытқа жеткізілген автогрейдер кәсіпорынның жол желісі мен өндірістік алаңдарын сапалы күйде ұстауды қамтамасыз етеді. Кіреберіс жолдарды уақытылы тегістеп, қызмет көрсету әсіресе логистикаға жүктеме артқан қысқы және аралық маусымда өте маңызды. Грейдерді пайдалану зауыт аумағында тегіс және қауіпсіз жабынды сақтауға және ауыр жүк тасушы көліктің тұрақты қозғалысын қамтамасыз етуге септеседі.

– Жүргізушілер үшін еңбек жағдайының жақсарғандығын айнала жақсы көрінетін заманауи кабина, климат-бақылау, эргономикалық басқаруарды айтуға болады, – деді Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Ержан Абдулабеков. – Бұл ауысым ішінде шаршаудың төмендеуіне және операцияларды орындау кезінде шоғырланудың артуына тікелей әсер етеді.

Техниканы жаңарту – жай ғана сатып алу емес, жүйелі шешім. Ол шикізатты қабылдаудан бастап дайын өнімді жөнелтуге дейінгі барлық логистикалық тізбекті нығайтады. Жұмыс істеу жылдамдығының артуы, өндірістік тәуекелдердің төмендеуі және қызметкерлер үшін ыңғайлы жағдайларды құру кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуіне тікелей әсер етеді.