11 Наурыз 2026

Дәлдікті арттыру қадамы: ССКӨБ-ке жаңа талдау жабдығы жеткізілді

ERG құрамындағы «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКӨБ) техникалық бақылау бөліміне кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы аясында жаңа электр магниттік құбырлы талдағыш сатып алды. Жабдық өндірістік процестерге бұрынғыдан да дәл және жедел талдау жүргізеді. Заманауи бақылау құралдары өнімнің сапасын жақсартуға, шығындарды азайтуға және Кен дайындау және байыту цехының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Электр магниттік құбырлы талдағыш жоғары магнитті кендер мен магниттік айыру өнімдерін дымқыл магниттік талдауға арналған. Заманауи қондырғы зертханалық жағдайда кенді байыту процесін жүргізуге және болашақ концентраттың сапасын алдын-ала болжауға мүмкіндік береді.

- Бұрын бізде басқа қондырғы қолданылып келді. Жаңа үлгідегі жабдық әлдеқайда тыныш және тиімді жұмыс істейді. Оның көмегімен зертхана жағдайында біз кеннен концентрат аламыз, содан кейін темірдің пайыздық мөлшерін анықтаймыз. Біздің міндетіміз – белгілі бір сынамадан темірдің максималды шығымдылығын тексеру. Процесс үнемі сумен қамтамасыз етіліп тұрады. Ағын сынама толығымен жуылғанға дейін жалғасады, - деді ТББ байыту өнімдерін бақылаушысы Ирина Долбня.

Талдағышта тұрақты магнитті өріс  пайда болады және ағынды су беріледі, содан кейін сынама екі фракцияға бөлінеді – магниттік (концентрат) және магниттік емес (қалдықтар). Әрі қарай өнімнің шығымы мен темір құрамы анықталады. Зертханаға Қашар, Сарыбай, Соколов кен орындары мен «Соколовская» шахтасынан шарқашаулы бұрғылау шламдары түседі. Сынамалар ұсатылады, майдаланады және бір сатылы байытудан өтеді, бұл нақты блоктарды қайта өңдеудің перспективаларын жедел бағалауға мүмкіндік береді.

 - Біз фабрикада концентрат алу процесін имитациялаймыз: егер өндірісте байыту бірнеше сатыда жүрсе, зертханада – бір сатыда жүреді. Бұл нақты учаскеден қандай концентрат алынатынын және жоспарланған темір құрамына жету үшін қандай кен қоспасын қалыптастыру керектігін алдын-ала есептеуге мүмкіндік береді, - деді зерттеу зертханасының бастығы Вероника Губайдуллина.

Алынған мәліметтер жеткізудің жоспар-кестесін қалыптастыруда және өнімнің тұрақты сапасын және кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыруды қамтамасыз ете отырып, оңтайлы кен қоспасын есептеуде қолданылады.

ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда