01 Сәуір 2026

Қазақстандық феррохром «жасыл» нарықтарға шықты

Қазақстандағы ферроқорытпа өнімдерін шығарушы ең ірі кәсіпорын – ERG құрамындағы «Қазхром»ТҰК» АҚ жоғары көміртекті феррохромы үшін халықаралық деңгейдегі өнімнің экологиялық қауіпсіздігі туралы декларацияға ие болды (Environmental Product Declarations, EPD). Бұл сертификат өнімнің халықаралық экологиялық талаптарға сәйкестігін және оның қоршаған ортаға әсерінің ашықтығын растайды. Тиісті құжат EPD International халықаралық платформасында жарияланды.

Бір маңызды тұсы – экологиялық бағалау жүргізу «Қазхромның» өзі бастамасы. Оны іске асыру үшін инспекциялық қызметтер, сертификаттау және экологиялық сараптама саласындағы халықаралық көшбасшы SGS компаниясы жұмылдырылған.

– EPD-нің болуы компанияға өнімді шетелдік нарықтарда өткізуде бәсекелі артықшылық береді. «Жасыл» жеткізу тізбегі дамып, жасыл құрылыс қағидаттары енгізіліп, өнімнің көміртегі және экологиялық жағдайын есептеу талаптары қатаңдаған жағдайда, мұндай құралдар халықаралық серіктестердің сеніміне ие болуға сеп. Декларация компания өнімінің экологиялық және көміртегі ізін растап, оның қоршаған ортаға әсері тұрғысынан үдерістерді жақсартуға деген ұмтылысын көрсетеді, – деп түсіндірді SGS компаниясының Қазақстан және Каспий суб-аймағы бойынша «Экология» бағытының Бизнес-менеджері Илья Корляков.

EPD халықаралық жүйесінің тәуелсіз сарапшылары Қазхромның жоғары көміртекті феррохромының қоршаған ортаға әсерін тек өндіріс кезеңінде ғана емес, сонымен қатар өнімнің барлық өмірлік циклі бойынша кешенді түрде бағалады. Есептеулер кезінде негізгі экологиялық факторлар ескерілді. Нақтыласақ: шикізат компоненттерін өндіру, жеткізу және дайындау, су мен энергоресурстарды тұтыну, сондай-ақ бірінші және қайта өңделген шикізатты пайдалану көлемі. Компанияда қолданылатын байыту, бөлу және рециклингтің заманауи технологиялары табиғи ресурстарды тиімдірек пайдалануға ықпал етеді. Бұл бірінші шикізатқа деген қажеттілікті азайтып, көміртегі ізін төмендетеді және үйіндіге жинауға бағытталған қалдықтар көлемін азайтуға септеседі.

– Біз өніміміздің халықаралық экологиялық талаптарға сәйкес келетінін растау үшін EPD-ны алуды саналы түрде бастадық. Бұл – біз үшін тек жаһандық нарықтардағы позицияны нығайту ғана емес, сонымен қатар филиалдарымыз бар аймақтардың орнықты дамуына үлес қосу. Неге десеңіз, өнімге тұрақты сұраныс кәсіпорындардың үздіксіз жұмыс істеуін, жұмыс орындарын сақтауды және адамдардың ертеңгі күнге деген сенімін білдіреді, - деді «Қазхром»ТҰК» АҚ бас директоры Сергей Прокопьев. Бұл ERG-дің орнықты даму қағидаттарына адалдығын растап, қазақстандық өнімнің халықаралық нарықтардағы позициясын нығайтады.

Декларациямен мына сілтеме арқылы танысуға болады

ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда