Eurasian Resources Group (ERG) Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумында отандық өндірушілермен бірқатар офтейк келісімшарттарға қол қойды. Олардың жалпы сомасы 500 млн теңгеден жоғары.
Бүгін қол қойылған келісімдер ERG-дің елішілік құндылықтарды дамыту мен өндірістің жеткізілім тізбектеріне қазақстандық кәсіпорындарды молынан тарту қамында жасалып жатқан жүйелі жұмысының бір тармағы. Был сайын Топ компаниялары 1,8 трлн теңгенің тауар, қызметтері мен жұмыстарын сатып алады. Өткен жылы соның 73% қазақстандық өндірушілерден сатып алынған өнім, қызмет пен жұмыс.
Қазақстанның машинажасаушылар форумы – ірі бизнес пен қазақстандық өндірушілердің күш біріктіріп, ортақ іске қатысты түйткілдері тұстарды талқылайтын алаңына айналған. Оның аясында келісім шарттардың жасалуы осындай серіктестіктің нақты нәтижесі деуге болады.
Бүгін атап айтқанда:
500 млн теңгеге вагон құрсандарын өндіру «Запчасть-ЖД» ЖШС;
680 сүзгі элеметтерін жеткізу «Азия Фильтр» ЖШС.
- Біз сатып алулардағы қазақстандық өндірушілердің тауарлары, жұмысы мен қызметінің үлесін жүйелі түрде ұлғайтып келеміз. Мұны біз стратегиялық басымдық деп білеміз. Міндетіміз – тек елдің ішінен сатып алу емес, қазақстандық өндірушілердің орнықты экожүйесін қалыптастырып, шағын және орта бизнестің өсіміне ұзақмерзімді тірек болу, - деді «ERG Коммерция орталығы» ЖШС Бас директоры Ербол Өмірхан.
2020 жылдан бері ERG-де ұзақмерзімді импортты алмастыру бағдарламасы қолға алынған. Оның аясында қазақстандық кәсіпорындар осында сұранысқа ие өнімді жергілікті жерде өндіру бастамасына мұрындық бола алады. Бағдарлама іске асырыла бастағалы бері жалпы сомасы 54,9 млрд теңгеден астам қаражатқа 72 ұзақмерзімді офтейк-контракт жасалған.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда