27 Сәуір 2026

ERG қызметкерлерін тасымалдайтын көліктерді жаңарту мен оған цифрлық бақылау енгізуге 4,6 млрд теңге бағыттайды

ERG персоналды тасымалдау жүйесін кең ауқымды жаңартуға 4,6 млрд теңге инвестиция құяды. 2027 жылға дейін компания 70 автобус пен вахталық машиналар сатып алып, көліктердің техникалық ахуалына цифрлық бақылау енгізбек.

Автопарк қазірден қарқынды жаңартылып жатыр. ERG кәсіпорындарына жолаушылар тасымалдайтын және вахталық автобустар бастаған жалпы саны 41 техника жеткізілген. Жыл соңына дейін тағы жаңа 15 автобус келеді. Нәтижесінде автопарктегі көліктердің орташасы жасы 2 жылға қысқарып, тасымалдаудың сенімділігі артады.

Тау-кен металлургия саласында қызметкерлерді жұмыс орындарына жеткізу – өндіріс тұрақтылығының маңызды тармағы. Үздіксіз жұмыс істейтін кәсіпорындардың бірқатары қаладан айтарлықтай қашық орналасқан. Ауысымдық жұмыс кестесі логистиканың сағаттай іркіліссіз, тұрақты жұмысын талап етеді. Компания күн сайын мыңдаған қызметкерді тасымалдап, өндіріс кестесін сақтап, өнеркәсіп қауіпсіздігін арттырып отыр.

Бұл ауқымды бағдарламаның тағы бір тармағы – цифровизация. 2026 жылы ERG рейс алдындағы техникалық бақылау тексерісінің цифрлық жүйесін тәжірибелік-өндірістік сынақтан өткізіп жатыр. Бақылаудың барлық кезеңі цифрлық форматта тіркеліп, қажет болған жағдайда оның әр кезеңін жіті қадағалау мүмкіндік бар. Бұл іске формальды қарауға жол бермейді. Әрі қадағалауды қатаңдатып, жолға техникалық ахауы бар көліктің шығып кетуіне тосқауыл.

Оның үстіне компания тасымал моделінің өзін оңтайландырып жатыр. Былтырдан бері тасымал бағдарлары жіті талданып, оның жүктемелері мен шығындары сараланған. Ол компания иелігіндегі көлік пен сырттан жалданатын көліктерді де қамтыды. Нәтижесінде тасымал маршруттары мұқият жоспарланып, шығындар азайтылып, қызметкерлерге көрсетілетін сервистің сапасы жақсарды. 2025 жылдың қорытындысында қызметкерлердің тасымал сапасына қанағаттануы 2,3% жоғарылап, 85,8% межесіне жетті.

- Жыл сайын күнделікті мыңдаған қызметкерді тасимыз. Бұл – тек қарапайым логистика ғана емес,  қауіпсіздік пен өндірістің тұрақтылық факторы. Қазір біз көліктерді жаңартып, цифрлық қадағалауды күшейтіп, тасымал маршруттарының тиімділігін арттырып, жалпы осы саладағы ұстанымдарымызды жүйелді түрде өзгеріп жатырмыз. Бұл бірінші кезекте адамдарымызға құйылған инвестиция. Олардың қауіпсіздігі, жайлылығы мен жұмыс берушіге сенімін нығайту,- деді ERG-дің әлеуметтік қамдау департаментінің директоры Шаттық Әбдіхалықов.

 Көліктерді жаңғырту бағдарламасы ERG-дің еңбек қауіпсіздігін арттыру, өндіріс орнықтылығын нығайту мен кәсіпорындары орналасқан өңірлерді дамытуға бағытталған ауқымды стратегиясының бір тармағы.

ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда