Кеншілер қаласында жақын арада тағы он жаңа жоба жүзеге асырылады. Бұл жобалар хромтаулықтардың күнделікті өмірін ыңғайлы әрі өзгеше етеді. Соның ішінде – дәмханасы бар жылы аялдама, балалар спорт алаңдары, кәсіби жарайлақ (скалодром), сондай-ақ қалалық іс-шаралардың жаңа форматтары да қосылған. Мысалы, қоян-қолтық ұрыс сайысынан бастап туристік слетке дейін. Бұл бастамалардың барлығын тұрғындардың өзі Tugan Qala жобасы аясында ұсынды. Бұл жоба Хромтауда Eurasian Resources Group және «Қазхром» компаниясының қолдауымен қатарынан алтыншы жыл дамып келеді.
Tugan Qala жобасының дәл осы бесінші циклінде 98 бастама ұсынылды. Алдын ала іріктеу мен жобалық сессиялардан кейін 31 жоба жалпықалалық дауыс беруге шығарылған. Оған Хромтаудың 4525 тұрғыны қатысты, бұл қала халқының – 17,9 пайызы. Мұндай қатысу деңгейі қала тұрғындарының қаланы дамыту ісіне барынша молынан қатысатанын көрсетеді.
Қорытынды кешке қалалық және аудандық әкімдіктердің өкілдері мен Дөң тау-кен байыту комбинатының басшылығы қатысты.
– Tugan Qala жобасы – тұрғындарға қаланың өзекті мәселелерін шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік беретін тиімді құрал, – деді Хромтау қаласының әкімі Кеншілік Битанов. – Бәрі жеңімпаз болмағанымен, әрбір қатысушының қосқан үлесі мен қаланы жақсартуға қатысты көзқарасы маңызды. Келесі маусымда жаңа, жарқын идеялардың куәсі болайық.
Дауыс беру қорытындысы бойынша он жоба жеңімпаз атанды – оның үшеуі іс-шара, жетеуі инфрақұрылымдық бастама. Олар бағдарлама серіктестерінің қолдауымен жүзеге асырылады.
Бағдарламаның алдыңғы төрт маусымының нәтижесінде қала инфрақұрылымы бойынша 42 жоба іске асырылғанын айта кетейік. Олар – балалар алаңдары, муралдар, саябақ аймақтары мен аллеяларға арналған шағын сәулет нысандары. Бұлар бүгінде қаланың келбетін көркейтіп тұр.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда