Мы используем файлы cookie, чтобы улучшать качество взаимодействия пользователей с нашим сайтом и персонализировать его содержимое. Продолжая использовать наш веб-сайт без изменения настроек, Вы соглашаетесь на использование нами файлов cookie. С дополнительными сведениями о том, как мы используем файлы cookie, можно ознакомиться здесь.
Шахмұрат Мүтәліптің иелігіндегі Nature energy solutions Ltd компаниясы осыған дейін Патох Шодиев (18,6%) пен Александр Машкевичтің мұрагерлерінің (20,7%) иелігінде болған ERG компаниясы акцияларының 39,3% сатып алды.
ERG-дің барлық кәсіпорындары қазір қалыпты жұмыс істеп тұр. Бұл өзгерістер бизнестің орнықтылығын одан ары нығайтуға, корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыруға әрі Топтың ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттарын іске асыруға бағытталған.
Өзгерістер кәсіпорындардың күнделікті жұмысына, өндірістік бағдарламаларды іске асыру мен қызметкерлер, серіктестер мен мемлекет алдындағы міндеттемелерді жүзеге асыруға ешбір кері әсер етпейді.