«Қазхром» ТҰК» АҚ-ның (Eurasian Resources Group құрамына кіретін) Ақтөбе ферроқорытпа зауыты Металлургтер күні қарсаңында және Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз турын ұйымдастырды. Шара барысында журналистерге ауыр өнеркәсіптің әдетте өндіріс аумағынан тыс көрсетіле бермейтін қырлары таныстырылды.
Соңғы бес жыл ішінде еліміздегі ірі металлургиялық кәсіпорындардың бірі цифрлық трансформацияға 5 млрд теңгеден астам қаржы салды. Нәтижесінде ERG компаниясының Business & Technology Services (BTS, ERG-дің ІТ-бөлімшесі) командасы әзірлеген цифрлық шешімдердің ауқымды экожүйесі қалыптасты.
– Біз журналистерге презентацияларды емес, нақты өндірісті көрсетуді жөн көрдік – балқыған металмен, жұмыс істеп тұрған пештермен және зауыттың күнделікті операцияларына енгізілген цифрлық шешімдермен таныстырдық. Біз үшін цифрландыру – сәнді үрдіс қана емес, қатаң жаһандық бәсекелестік жағдайындағы өсудің маңызды құралы. BTS командасымен бірлесіп жүзеге асырылған әрбір жоба адамдардың қауіпсіздігіне, шешім қабылдау жылдамдығына және өндіріс тиімділігіне тікелей әсер етеді, – деді Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Ержан Абдулабеков.
Журналистер нені көрді
№4 балқыту цехының цифрлық егізі: өндірісті толық көре алатын 3D-модель
Баспасөз турындағы ең әсерлі жобалардың бірі – №4 балқыту цехының пилоттық цифрлық егізі. Бұл инженерлік диагностика, цехты диспетчерлеу және жөндеу жұмыстарының міндеттері бірыңғай 3D-контексте біріктірілген ортақ веб-платформа. Пеш қаптамасының температурасы, балқыма деңгейі, бункерлердің жүктелуі, конвейерлердің қозғалысы және жабдықтардың жұмыс күйлері – барлық көрсеткіштер нақты уақытқа барынша жақын режимде цехтың үшөлшемді моделінде көрсетіледі.
Негізгі инженерлік жетістік – шешімді SCADA және MES жүйелерімен тікелей ықпалдастыра отырып, оны стандартты кеңсе компьютерлерінде жұмыс істеуге оңтайландыру. Бұл инфрақұрылымдық кедергілерді жойып, цифрлық егізді тар ауқымдағы арнайы шешім емес, технологтың күнделікті жұмыс құралына айналдырады. Алдағы жоспар – бұл тәсілді басқа цехтарға және тұтастай кәсіпорынға масштабтау.
MES және MESAlina: электрондық наряд-тапсырма шеберлерді күнделікті жұмыстан қалай босатады
Қағаз журналдар, қолмен жүргізілетін есеп, ауысым алдында ақпаратты ауызша жеткізу – ондаған жылдар бойы өндірістік процестің қалыпты бөлігі саналған бұл тәсілдер біртіндеп өткеннің еншісіне айналуда. Олардың орнын MES – Manufacturing Execution System, яғни өндірістік процестерді басқару жүйесі басып келеді. Бұл жүйе өндіріс жұмысын бақылап, үйлестіреді.
Егер ERP-жүйесі (мысалы, SAP) кәсіпорын деңгейінде ресурстарды жоспарлауға жауап берсе, MES жүйесі тікелей цехтарда, өндірістік желілер мен учаскелерде жұмыс істейді. Жүйе операциялардың орындалуын жедел бақылауға, жабдықтардың жағдайын қадағалауға, өндірістік деректерді тіркеуге және өндіріс деңгейіндегі барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл Ақтөбе ферроқорытпа зауытында қалай жүзеге асырылады: шебер MES интерфейсінде тапсырмаларды қалыптастырады, содан кейін жүйе еңбекті қорғау бойынша қажетті нұсқаулықтарды автоматты түрде қосады, ал қызметкер нарядты qollab мобильді қосымшасында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тікелей растайды. Енгізілген MESAlina жасанды интеллект көмекшісі өндірістік көрсеткіштерді талдап, ауытқуларға жедел әрекет етуге көмектеседі. Нәтижесінде ауысымды дайындау бірнеше сағат емес, санаулы минуттарды алады, ал өндірістік процесс толықтай ашық әрі басқарылатын болады.
ERGiz ЖИ-ассистенті: өтініштерді өңдеу уақыты үш күннен 33 секундқа дейін қысқарды
Баспасөз туры барысында qollab суперқосымшасына енгізілген ERG корпоративтік жасанды интеллект көмекшісі – ERGiz жұмысы таныстырылды. Төрт ай ішінде платформа ERG тобының 11 кәсіпорнындағы 7 500-ден астам қызметкерден түскен 11 137 өтінішті өңдеді. ERGiz ЖИ-көмекшісінің өтініштерді өңдеуге кететін медианалық уақыты – 33 секунд, ал HR-қызметіне келіп түсетін өтініштерді өңдеудің орташа медианалық мерзімі 3 жұмыс күніне дейін жетеді. Қызметкерлердің көңіл-күй индексі – 5 балдың ішінен 4,4 балды құрады.
Тек Ақтөбе ферроқорытпа зауытында ERGiz 514 бірегей қызметкерден келіп түскен 737 өтінішті өңдеді. Қызметкерлердің көңіл-күй индексі 5 балдың ішінен 4,44-ті құрады – бұл Топ кәсіпорындары арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Жасанды интеллект әрбір сұраудың эмоциялық реңкін талдап, цехтар бойынша әлеуметтік ахуалдың «жылу картасын» қалыптастырады. Бұл басшыларға проблемалық аймақтарды тоқсан қорытындысы бойынша емес, нақты уақытқа барынша жақын кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.
Еңбекті қорғауды цифрландыру
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі –ЕҚжӨҚ саласындағы процестерді цифрландыруға және деректерді біріктіруге арналған бірыңғай орталықтандырылған ІТ-шешім. Жүйенің мақсаты – қауіпсіздік мәдениетін арттыру, бақылау тиімділігі мен орындаушылық тәртіпті жақсарту, сондай-ақ электрондық құжат айналымына толық көшу. Қазірдің өзінде Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бұл жүйенің бірнеше модулі жұмыс істеп тұр.
Электрондық наряд-рұқсаттар. Цифрлық құралдың артықшылықтары:
Жүйеде сондай-ақ өндірістік алаңдарда белсенді қолданылатын сыни тәуекелдерді бақылау және қауіпсіздік бойынша мінез-құлық диалогтары модульдері іске асырылған. Олар ықтимал қауіптерді уақытылы анықтауға, өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыруға және қызметкерлер арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.
Сыни тәуекелдерді бақылау – болмаған жағдайда орны толмас салдарға әкелуі мүмкін қорғаныс тосқауылдарын бақылауға арналған құрал. Қазіргі уақытта бұл процеске техникалық мамандар да, жұмысшылар да тартылған. Чек-парақтағы сұрақтарға жауап беру кезінде олар сәйкессіздіктерді іздемейді – олар өз қауіпсіздігі үшін қорғаныс шараларының бар-жоғын тексереді. Назардың осылайша өзгеруі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырады: жұмысқа кіріспес бұрын әрбір қызметкер өз өмірінің құндылығы туралы тағы бір мәрте ойланып, қауіпсіздікке барынша жауапкершілікпен қарай бастайды.
Қауіпсіздік бойынша мінез-құлық диалогтары қызметкерлердің жұмыс орындарында басшылар мен мамандардың олармен тұрақты түрде бақылау жүргізуі және диалогтар өткізуі арқылы қауіпсіз мінез-құлық қалыптастырады. Әңгімелесулер байқалған қауіпті әрекеттер мен жағдайларға қатысты да, жұмыстардың қауіпсіз орындалу фактілеріне қатысты да жүргізіледі. Цифрлық құрал өткізілген диалогтардың нәтижелерін тіркеуге мүмкіндік береді.
ERGiz ЖИ ассистенті жүргізілген тексерулер мен қауіпсіздік диалогтары туралы деректерге қол жеткізе алады, жинақталған ақпаратты талдайды және тәуекелдер мен олардың салдарын алдын ала болдырмау үшін қолайсыз үрдістерді анықтайды. Цифрлық деректерге қолжетімділік қауіпсіздік үдерістерін дәл осы сәтте бақылауға мүмкіндік береді.
Әр ауысым сайын металлургтердің денсаулығына қамқор болу
Баспасөз турының қонақтары автоматтандырылған ауысым алдындағы медициналық тексеру жүйесі (ААМТЖ) жұмыс істейтін медициналық пунктке барды. Енді металлургтер ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі тексеруден өтуге небәрі бірнеше минут жұмсайды. Бүгінде кәсіпорынның 4 медициналық пунктінде 30 ААМТЖ аппараты орнатылған. 2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында жүйе арқылы 263 515 медициналық тексеру жүргізілді. Ақтөбе ферроқорытпа зауытында күн сайын 1 500-ге дейін қызметкер медициналық тексеруден өтеді.
Аппараттар қан қысымын, тамыр соғысын, дене қызуын және шығарылған ауа құрамындағы алкоголь буларының бар-жоғын өлшейді. Нәтижелер бірден qollab корпоративтік қосымшасына және «Еуразия» медициналық орталығына түседі. Егер көрсеткіштер белгіленген нормадан ауытқыса, дәрігерлер бұл туралы жедел хабарлама алады және қажетті шараларды дер кезінде қабылдай алады. Жоба өндірістегі тәуекелдерді төмендетіп қана қоймай, ауруларды ерте кезеңдерде анықтауға да мүмкіндік береді.
Жөндеу жұмыстарын цифрландыру
BTS командасы өндірістік нысандардағы жөндеу жұмыстарын жылдам әрі дәл ұйымдастыруға мүмкіндік беретін «Жедел жоспарлау» және «Мобильді ТОРО» сервистерін әзірледі. Бұл шешімдер ақауларды тіркеуді, жабдықтарды тексеруді және ауысымды қабылдап-тапсыру процесін бірыңғай цифрлық ортаға біріктіреді.
Жөндеу жұмыстарын жоспарлау qollab корпоративтік платформасында жүргізіледі: бригадалар жасақталады, тапсырмалар құрылады, жұмыс кестелері мен персоналдың жүктемесі алдын ала көрінеді. Деректер автоматты түрде SAP жүйесіне беріледі және өндірістік алаңдардағы шеберлердің жұмысына негіз болады. Бұл қолмен жүргізілетін мақұлдау рәсімдерінің санын азайтып, процестердің ашықтығын арттырады.
Өндірісте шебер qollab мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді. Ол тапсырмалар тізімін алады, нысандар мен жабдықтардың орналасқан жерін көреді, ақауларды сол жерде – фото және сипаттамасымен бірге тіркей алады. Барлық ақпарат бірден жүйеге түсіп, тексерулер мен жөндеу жұмыстарының тарихын қалыптастырады. Басшылар жабдықтардың жай-күйін және жұмыстардың орындалу барысын нақты уақыт режиміне жақын форматта көре алады, бұл шешім қабылдауды жеделдетеді.
Бұған дейін бұл процестер қолмен жүргізілетін: жазбалар блокноттарға түсіріліп, ақпарат телефон арқылы беріліп, фотоматериалдар әр жерде сақталатын. Соның салдарынан деректер жоғалып, жөндеу жұмыстарының мерзімі ұзарып келген еді. Цифрлық сервистер ақауды анықтаудан бастап оны жоюға дейінгі бірыңғай жұмыс тізбегін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Жоба өндірістік командалармен тығыз ынтымақтастықта әзірленді. BTS әзірлеушілері кәсіпорындарға барып, нақты жұмыс процестерін зерттеді және шеберлердің тәжірибесін ескерді. Нәтижесінде бұл шешім өндірістің нақты жағдайларына бейімделген, практикалық жұмыс құралына айналды.
Бүгінде бұл сервистер Топтың негізгі кәсіпорындарында қолданылып, жөндеу процестерін одан әрі цифрландырудың негізіне айналуда.
– Бүгін журналистер қалың көпшілікке беймәлім жұмыс барысымен танысып, цифрландыру мен жасанды интеллект металлургтердің күнделікті еңбегіне қалай еніп жатқанын өз көзімен көрді. Біз, BTS компаниясы, нағыз цифрландырудың нәтижесі тікелей өндіріс цехтарында көрінетініне сенімдіміз. «Цифрлық егіз» пеш қаптамасының температурасын бір градусқа дейін дәл көрсетіп, шебер наряд-тапсырманы бір сағат емес, небәрі 30 секундта алса, ал ЖИ-ассистент қызметкердің сұрағына адамнан да жылдам жауап берсе – бұл жай ғана IT-жетістік емес. Бұл – тұтас Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігінің айқын көрінісі. Бүгінде Ақтөбе ферроқорытпа зауыты – отандық цифрлық металлургияның көшбасшысы. Осындай ірі кәсіпорынның технологиялық серіктесі болу – біз үшін үлкен мақтаныш, – деді BTS бас директоры Мағауия Сқақов.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда