20 Шілде 2026

ERG-дің «Tugan Qala» жобасы Орталық Азияның үздік ESG-тәжірибелері жинағына енді

Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының кәсіпорындары орналасқан қалаларды дамытуға және сол үшін тұрғындарды тартуға бағытталған «Tugan Qala» жобасы Орталық Азиядағы ең үздік ESG-тәжірибелердің бірі деп танылды. Халықаралық іріктеу қорытындысы бойынша жоба «Орталық Азияның үздік ESG-тәжірибелері жинағына» «Әлеуметтік жауапкершілік және адамдар арасындағы байланысты нығайту» (Social Responsibility and People-to-People Bonds) аталымы бойынша енгізілді.

Үздік ESG-тәжірибелерді анықтайтын халықаралық байқауға Орталық Азияның бес мемлекетінен экономиканың түрлі саласында қызмет ететін 60-қа жуық компания қатысты. Олардың қатарында өнеркәсіп, энергетика, қаржы және технология секторларындағы өңірдің ірі ұйымдары бар. «Орталық Азияның үздік ESG-тәжірибелері жинағының» тұсаукесер рәсімінде жарияланған іріктеу қорытындысына сәйкес, ERG жобасы аймақтағы ең озық бастамалардың қатарынан көрінді.

ERG «Tugan Qala» жобасын 2019 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Бастама тұрғындарды қала ортасын дамытуға белсенді қатысуға шақырады. Жоба арқылы қалалықтар абаттандырудың басым бағыттарын айқындап, өз идеяларын ұсына алады және туған қаласын көркейтуге тікелей үлес қосады.

– ERG үшін қала тұрғындарының дайын инфрақұрылымды тұтынушы ғана емес, оны қалыптастыруға белсенді атсалысатын нағыз жанашыр болғаны өте маңызды. «Tugan Qala» жобасы жергілікті қауымдастықтармен тығыз байланыс орнатуға негізделген. Өйткені, қалаға қандай өзгеріс керегін тұрғындардың өздері жақсы біледі. Мұндай тәсіл халыққа шынымен пайдалы әрі ұзақ жылдар бойы қызмет ететін құнды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Кудрәт Шамиев.

2020-2025 жылдар аралығында «Tugan Qala» аясында 1,73 млрд теңгеге 197 жоба жүзеге асырылды. Ал 2026 жылы жалпы құны 530 млн теңгені құрайтын тағы 40 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жыл сайын компания кәсіпорындары орналасқан қала тұрғындарының 4-10%-ы жаңа бастамаларға дауыс беруге қатысады.

Бүгінде бұл жоба Хромтау, Ақсу, Рудный, Лисаковск қалаларында, сондай-ақ Қашар және Октябрь кенттерінде жүзеге асырылуда. Тұрғындардың ұсынысы мен ERG-дің қолдауының арқасында бұл елді мекендерде балалар және спорт алаңдары, қоғамдық кеңістіктер, ескерткіштер, муралдар бой көтеріп жатыр. Сонымен қатар, жергілікті қауымдастықтарды дамытуға арналған қайық станциялары, скалодромдар сияқты түрлі нысандар пайдалануға берілді.

– «Tugan Qala» жобасының басты құндылығы – тұрғындардың жобаларды таңдауға ғана емес, қаланы өзгертуге тікелей атсалысып, автор атануында. Әсіресе, жасына, мүмкіндігі мен қызығушылығына қарамастан, барлық тұрғындар үшін қолжетімді әрі ашық орта қалыптастыруға көмектесетін бастамалардың маңызы зор. Мұндай жобалар жайлы кеңістік құрып қана қоймай, қоғамның бірігуіне, мықты қауымдастықтардың қалыптасуына ықпал етеді, – деп атап өтті «Әлеуметтік технологияларды дамыту қауымдастығы» ЗТБ вице-президенті Сания Арапова.

 «Tugan Qala» жобасында инклюзивті қала ортасын құруға ерекше назар аударылады. Мәселен, тұрғындар ұсынған бастамалардың қатарында қалалық жағажайды абаттандыру және бочча ойынына арналған алаң салу жобалары бар. Бұл ерекше қажеттіліктері бар жандардың қаланың қоғамдық өміріне еркін араласуына кең мүмкіндік береді.

Осылайша, Ақсу қаласында «Tugan Qala» қолдауымен паралимпиадашылар арасында үстел теннисінен республикалық жарыс өтті. Бұл бастама дауыс беру кезінде тұрғындардың қолдауына ие болып, жобаның тек қала ортасын жаңартып қана қоймай, қарым-қатынас орнатуға, спортпен шұғылдануға және әлеуметтік бейімделуге жаңа мүмкіндіктер жасайтынын айқын көрсетті.

Сондай-ақ, ERG-дің «Tugan Qala» жобасы аясында тұрғындардың ұсынысымен «Екі футболшы» тарихи мүсіні қайта қалпына келтірілді. 1967 жылдан бері қаланың көркіне айналған бұл ескерткіш уақыт өте келе жойылып кеткен еді. ERG мен әкімдіктің қолдауының және қала халқының белсенді қатысуының арқасында мүсін қайта жасалып, тарихи жадты жаңғыртуға әрі тұрғындар бас қосатын жаңа орын қалыптастыруға септігін тигізді.

«Tugan Qala» жобасының халықаралық басылымға енуі – ERG-дің өңірлерді дамытудағы жұмыс тәсілінің қаншалықты тиімді екендігінің айқын дәлелі. Жоба бизнес пен жергілікті қауымдастықтың серіктестігі халыққа қажетті қоғамдық кеңістіктерді құруға, азаматтық бастамаларды дамытуға және тұрғындарды өз қаласындағы оң өзгерістердің толыққанды иесіне айналдыруға көмектесетінін тамаша үлгі ретінде көрсетті.