14 Қыркүйек 2026

«Қазхром» халықаралық EcoVadis платформасының күміс медалін иеленді

ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ 2026 жылғы EcoVadis бағалауының қорытындысы бойынша күміс медаль иеленді. Компания 100 балдың 75-ін жинап, ең жоғары нәтиже көрсеткен компаниялардың 15 пайызының қатарына енді.

EcoVadis – компаниялардың орнықты даму саласындағы жұмысын бағалайтын тәуелсіз халықаралық платформа. Бағалау төрт бағытты қамтиды: қоршаған орта, еңбек және адам құқықтары, этика және тұрақты сатып алу.

– Корпоративтік тәжірибеміздің сапасы бірнеше жыл қатарынан EcoVadis тарапынан тәуелсіз бағаланып келе жатқаны біз үшін маңызды. Клиенттеріміз үшін бұл Қазхромның бизнесті жауапты жүргізудің халықаралық қағидаттарына сай екенінің тағы бір дәлелі. Бұл біз үшін соңғы меже емес, жұмысты одан әрі жетілдіруге бағыт беретін көрсеткіш, – деп атап өтті «Қазхром» ТҰК» АҚ бас директоры Ержан Абдулабеков.

EcoVadis бағалауы компания мен оның клиенттері үшін ғана емес, акционерлер, қызметкерлер және жергілікті қауымдастықтар үшін де маңызды. Ол Қазхромның адамдар мен қоршаған ортаға тікелей әсер ететін салалардағы жұмысын қалай ұйымдастыратыны туралы тәуелсіз бағалауға негізделген қосымша ақпарат береді.

https://recognition.ecovadis.com/PCEvizDPRkaNpgjbbYqL4w

ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда