Мы используем файлы cookie, чтобы улучшать качество взаимодействия пользователей с нашим сайтом и персонализировать его содержимое. Продолжая использовать наш веб-сайт без изменения настроек, Вы соглашаетесь на использование нами файлов cookie. С дополнительными сведениями о том, как мы используем файлы cookie, можно ознакомиться здесь.
Эдуард Юрьевич Сурлевич ERG-де табысты жұмыс істеп келеді. Ол компанияның халықаралық бизнесіне қажетті шикізат секторындағы сатылым, маркетинг және логистика салаларында маңызды құзыреттерге ие, сондай-ақ Топтың өнім портфелін жақсы біледі.
2023 жылдың басынан бері ол ERG бас атқарушы директорының орынбасары қызметін атқарып келеді. Бұл қызметте Э. Сурлевич негізінен сатылым және маркетингті дамытуға, сауда компанияларымен жаңа серіктестік байланыстар орнатуға және Топтың Африкалық бизнесін өркендетуге жауапты.
ERG-ге келмес бұрын, Эдуард Юрьевич Швейцарияда шикізат тауарларымен сауда жүргізетін жетекші жаһандық компанияда жұмыс істеген. Жеткізу тізбегін басқару, логистика және сауда салаларында тәжірибесі мол және ERG Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Топ бизнесінің одан әрі өсуіне ықпал етіп жүр.
Э. Сурлевич Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) халықаралық бизнес және іскерлік басқару факультетін тәмамдаған.