Сабир Патохович Шодиев

ERG S.à r.l. Директорлар кеңесінің мүшесі

Сабир Патохович Шодиев бизнес пен негізгі процестердің қызметі туралы терең білімін пайдалана отырып, 2008 жылдан бері ERG Тобына кіретін компанияларда жұмыс істеп келеді.

Ол ERG Бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі және тәуекелдерді басқару жөніндегі басшының орынбасары болды, ал 2021 жылы Топтың бас атқарушы директорының орынбасары және Қазақстандағы ERG бас директорының бірінші орынбасары лауазымдарын атқара бастады. Бүгінде ол — ERG Тобының Директорлар кеңесінің мүшесі.

Сабир Шодиев — жылжымайтын мүлік және технология салаларында инвестициялар мен жеке капиталды басқару жөніндегі тәжірибелі маман.

Ол қайырымдылық іспен айналысады, Орталық Азияда (Қазақстанды қоса алғанда), Ресей мен Жапонияда білім беру, қайырымдылық және мәдени жобаларды іске асыру арқылы мәдени мұраны сақтап, адамдардың өмірін жақсартуға ықпал ететін үкіметтік емес қайырымдылық ұйымы — Шодиев халықаралық қорының директоры.

С. Шодиев — Лондон Университеттік Колледжінің (UCL), Гарвард бизнес мектебінің (HBS) және Ресей Федерациясы Үкіметін жанындағы Қаржы университетінің түлегі. Сонымен қатар ол INSEAD бизнес мектебінде менеджмент жөніндегі бағдарламаны сәтті аяқтаған.