Дәурен Меңдешев Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде (АЭжБУ) бакалавриат бағдарламасын «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша, сондай-ақ MSc Information Systems & Management мамандығы бойынша Warwick University (Ұлыбритания) магистратураны бітірген.
ERG-де 2021 жылдан бастап жұмыс істейді. Бір жылдан астам уақыт бойы өндіріс өнімділігін арттыру бағдарламасын басқарды, кейін «Еуразиялық Топ» ЖШС Стратегия және трансформация блогының трансформациялау кеңсесінің басшысы лауазымына тағайындалды.
ERG-ге дейін 10 жылдан астам әртүрлі халықаралық консультациялық компанияларда жұмыс істеді. Атап айтқанда, тау-кен металлургиялық компанияларға, соның ішінде топ кәсіпорындарына өнімділікті арттыру жобаларын іске асыруға көмектесе отырып, McKinsey & Company жаһандық консультациялық фирмасында жұмыс істеді. McKinsey-ге дейін Ernst & Young ақпараттық технологиялар саласында қызмет көрсету бөлімінде, сондай-ақ PricewaterhouseCoopers консультациялық қызметтер департаментінің бизнес тиімділігі басқармасының менеджері болып жұмыс істеді.