Анастасия Круч

Бас директордың персонал және мәдениет жөніндегі орынбасары

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Шет тілдері» мамандығы бойынша бітірген. Персоналды стратегиялық басқару саласындағы CIPD дипломы (Level 7), ACSTH (L1), ACTP (L2) коучының халықаралық біліктілігі бар. ICF мүшесі болып табылады.

Мұнай-газ саласы мен ТМК компанияларында, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеді. Қазақстанның мұнай-газ индустриясы үшін жас мамандарды даярлау және дамыту жөніндегі жобаларға тартылды, «Astana Hub» IT стартаптарының халықаралық технопаркін» іске қосуға қатысты.

2020 жылы ERG командасына бірыңғай оқу орталығын құруды, процестерді орталықтандыру мен цифрландыруды, сондай-ақ оқытудың заманауи әдістерін енгізуді қамтитын топтың оқыту жүйесін ауқымды трансформациялау басталған кезде оқыту және құзыреттілікті дамыту орталығының басшысы ретінде қосылды. 2023 жылы Бірыңғай оқу орталығының базасында ERG Корпоративтік университеті құрылды.

2022 жылдан бастап оның басшылығымен ERG қатысатын өңірлерде мектеп және кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамыту бойынша жобалар іске асырылуда. Бұл «Колледждерге арналған ERG», «Колледждер және ERG Альянсы» жобалары және басқалар.

2023 жылдан бастап «Еуразиялық Топ» ЖШС Таланттарды басқару жөніндегі директоры болды.

 

2020 жылы

ERG командасына бірыңғай оқу орталығын құруды, процестерді орталықтандыру мен цифрландыруды, сондай-ақ оқытудың заманауи әдістерін енгізуді қамтитын топтың оқыту жүйесін ауқымды трансформациялау басталған кезде оқыту және құзыреттілікті дамыту орталығының басшысы ретінде қосылды.