09 Желтоқсан 2024

egemen.kz 07.12.24 – Оңалту орталығының игілігі

Оңалту орталығының салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбеков, "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының донорларымен стратегиялық жоспарлау және өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Шыңғыс Шарапиев, " ERG Көмек" қоғамдық қорының атқарушы директоры Мәди Исмаилов, "Қамқоршылық қоры" қоғамдық қорының директоры Арайлым Еркінова қатысып, жаңа медициналық мекеменің жұмысына сәттілік тіледі.

Бұл игілікті жобаны іске асыруға қаржылық демеушілік көрсеткен - "Eurasian Resources Group" компаниясы. "Қамқорлық қоры" қоғамдық қоры орталықты заманауи жабдықтармен жабдықтауға, мұндағы мамандардың кәсіби оқуын тереңдетуге көмегін тигізді.

- Бізге осы облыста оңалту орталығының ашылуы - аса маңызды. Өйткені Қарағанды облысы компаниямыздың туған өңірі саналады. Биыл "ERG" компаниясының 30 жылдығы кең көлемде атап өтіліп жатыр. Бұл орталық - еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуға, инклюзивті қоғамды қолдауға қосқан үлесіміз. Ерекше қажеттілігі бар балаларға толыққанды өмір сүруге, әлеуметтік бейімделуге мүмкіндік бере алатынымызды мақтан тұтамыз, - деді Қазақстандағы "Eurasian Resources Group" компаниясының бас директоры Серік Шахажанов.

Былтырдан бері ауруханада «Қам­қорлық» ерте араласу бөлімшесі жұмыс істейді. Онда осы уақытқа дейін даму кемістігі бар жүздеген бала мамандардың көмегіне жүгінді. Мұнда балалар 3 айынан бастап 3 жасқа дейінгі аралықта қа­­был­данса, енді жаңа орталықта 18 жас­­­қа дейін­гі бала­ларға ем-дом көр­се­ті­леді. Бала­ның туғаннан бастап, ересек жас­қа дейінгі денсаулығы, жағ­дайы үз­діксіз қадағалауда болады. Орта­лықта нев­ро­лог-дәрігерлерді, реабилитологтерді, логопедтерді, дефектологтерді, емдік-денешы­нық­тыру нұс­қау­шылары мен пси­хо­лог­терді қоса алғанда, кәсіби көп­­­салалы команда құрылып, өз жұ­мыс­тарына кірісті.

– Бізде барлық қажетті жаб­дық­ бар. Баланың жасына және бойына бай­ланысты түрлі верти­кализаторлар қол­да­нылады. Барлық маман даяр­лық­тан то­лық өтті. Олар аурухананың база­­сын­­да оқып, тәжірибесін жетіл­дірді. Астана, Қос­та­найға да бар­ды. Оңалту жұ­­мы­сының сапасы жоғары болуы мақ­са­тында дәрі­г­ерлердің біліктілігін үнемі арт­тырып отырамыз, – дейді облыс­тық балалар ауруханасы дирек­то­рының орынбасары Нина Деркач.

«Қазақстан халқына» қоры әлем­дік бренд­терден сараптамалық сынып­ты меди­циналық оңалту жаб­дық­тарымен жара­қ­­тан­ды­руға 6 млрд теңгеден аса қар­а­жат бөлді. Оған БОС-терапия каби­нет­­тері, интер­активті, сенсорлық бөл­ме­лер, иммер­сиялық ванна секіл­ді біре­гей тех­но­логиялар жаб­дық­тал­­ды. Бұ­лар­дың бәрі – ерекше қа­жет­­ті­лік­тері бар бала­ларға үлкен көмек.

Игі жобаны қоғамдық қор «QН Оңал­ту орталықтары», «QН Аудан­дық оңал­ту орта­­лықтары» қайырым­ды­лық бағ­дар­­­ла­маларын іске асыру шең­берінде жү­зеге асы­рып отыр. Алдағы уақытта қор бар­­лық өңірде ерек­ше қажет­­ті­лік­­тері бар балаларға арналған дәл осын­дай 25 оңал­ту орта­лығын ашпақ. Жа­қын­да Ұлы­тау облы­сында ашыл­ды. Енді таяу күн­­дері осындай меке­менің ашылуы Пав­­­ло­дар облысы мен Шым­кент қала­сын­­да жос­парланып отыр, дейді қор бас­­шы­­лығы.

дереккөзі