27 Қаңтар 2025

Eurasian Resources Group Павлодар облысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға биыл 3,9 млрд теңге бағыттайды

ERG мен Павлодар облысының әкімдігі жыл сайынғы өзара түсіністік пен әріптестік туралы Меморандумға қол қойды. 2025 жылы Топ аталған өңір мен оның инфрақұрылымын дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қомақты қаражат бөледі. Құжатқа Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен Eurasian Resources Group-тің Қазақстандағы Бас директоры Серік Шахажанов қол қойды.

Жобалар Топ кәсіпорындары орналасқан қалалардың тұрғындары арасында өткізілетін сауалнама нәтижесінде айқындалып, талдау қорытындысында тиісті әлеуметтік бағыттар белгіленген. Биыл Павлодар облысындағы бастамаларды жүзеге асыруға ERG 3,9 млрд теңге бөледі.

– Әлемдік экономикадағы күрделі ахуалға қарамастан, ERG мойнына алған барлық міндеттемелерін толық орындап, әлеуметтік бағдарламаларын барынша белсенді іске асырып келеді. Павлодар облысының әкімдігімен арада жасалатын Меморандумда біз білім беру, денсаулық сақтау мен спортқа ерекше көңіл бөлдік, - деді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов.

Меморандум аясында Топ «ERG мектебі» мен «ERG колледждерге» бағдарламаларын іске асыруды жалғастырады. Компания осыған дейін Қаражар және Сычевка елдімекендерінде мектептер салып, оларды толық жабдықтауға 2 млрд теңге жұмсаған. Бүгінде бұл білім ошақтары елдегі шағын жинақталған мектептердің ішіндегі үлгілі саналады.

Бұл бағытты одан ары дамыта келе, ERG Ақсуда қазақ тілінде білім беретін Ы.Алтынсарин атындағы мектепті күрделі жөндеуге 1,5 млрд теңге бағыттайды. Ақсудағы колледждер оқытушыларының біліктілігін арттыруға, халықаралық тағылымдамалар мен оқу ордаларының материалдық техникалық базасын нығайтуға 200 млн теңге бөлінбек.

Топ Екібастұз қаласындағы «Особый дом» атты балалар коррекция орталығын тұрақты қолдап келеді. 2023 жылы ERG мұнда 4,5 млрд теңгеге балалар шығармашылық орталығының құрылысын қаржыландырған.

Тұрғындар денсаулығына қамқорлықпен Топ 2024 жылы түрлі бағыттағы 3 облыстық клиникаға заманауи медициналық жабдықтар алып берді. Олардың жалпы құны – 175,3 млн теңге. 2025 жылы ERG теңдессіз «ERG дәрігерлерге» атты бастаманы қолға алады. Мақсат қазақстандық дәрігерлердің жетекші шетел мамандарынан тәлім алып, бірлескен операциялар жасауына жол ашу. Бұл мақсаттарға 150 млн теңге бағытталады.

ERG бұқаралық спортты да қолдайды. 2025 жылы Ақсуда жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын бассейн құрылысы жоспарланған.

Меморандумда Павлодар, Екібастұз бен Ақсу қалалары, Майқайың кентінің саябақтары мен аулалары, көшелерін абаттандыру мен жолдарын жөндеу де қамтылған. Жобалардың жалпы құны – 1 млрд теңгеге жуықтайды.

Меморандум аясында Ақсу қаласында «Tugan Qala» бастамасының 15 жобасын іске асыруға қаржы қарастырылған. Бұл қала тұрғындары өздері бастамашы болып, кейін сарапшылардың қолдауымен жетілдірген бастамалар. Бұл мақсатқа биыл 135 млн теңге көзделіп отыр.

ERG қызметін бастағалы бергі 30 жыл бойы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді.

Меморандумдар аясында аймақта осыған дейінгі жылдары іске асқан жобалар туралы ақпаратты мына және мына сілтемелерден таба аласыздар.