26 Ақпан 2025

Жаңа маневрлік тепловоз ССКӨБ теміржол көлігі жұмысының тиімділігін арттырады

Бүгін кәсіпорынның теміржол паркі толықты. ERG құрамындағы «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ Тау-кен теміржол көлігі цехына (ТКТЖКЦ) тікелей зауыт конвейерінен ТЭМ18ДМ сериялы тепловоз келіп жетті. Техника кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы шеңберінде сатып алынған. Құны – 800 млн теңгеден асады.

ТЭМ18ДМ тепловоздары ССКӨБ теміржолшыларына бұрыннан таныс. Бұл кейінгі кезде мұнда жеткізілген осымен жетінші агрегат. Жыл сайын техниканың нұсқасы жетілдіріліп келеді. Келген тепловоз Рудный алаңының темір жолдарында, атап айтқанда «Комбинатовская» станциясында маневрлік, тасымалдау және жеңіл магистральдық жұмыстарға арналған. Бұл ССКӨБ-тен дайын өнімді жөнелтудің бастапқы нүктесі. Іске енді кіріскен техниканың негізгі міндеттерінің бірі – тұтынушыларға жеткізілетін концентрат немесе шекемтастар тиелген жылжымалы құрамдар қалыптастыру.  

Мамандар ТЭМ18ДМ – 3566-ның артықшылықтары көп екенін атап өтті. Электрондық басқару жүйесі шынында мақтауға тұрарлық.

– Келген тепловозда машинистің де, көмекшінің де екі басқару пульті бар. Бұл ыңғайлы, – дейді теміржол цехының тепловоздарды пайдалану маманы Игорь Никитин. – Алдыңғы серияларда ондай болған жоқ. Екі монитор тепловоздың барлық жабдықтары туралы барша ақпаратты толығымен көрсетеді: май қысымы, су температурасы, ауа қысымы, салқындату – бәрін кабинадан шықпай-ақ көруге болады. Жаңа жабдық адамнан үлкен жүктемені алып тастайды. Мамандарға  жүйелерге үнемі қараудың қажеті жоқ, олар автоматты режимде жұмыс істейді. Жүргізуші назар аударатын басты нәрсе – поездардың қауіпсіздігі.

Өрт болған жағдайда да оны автоматты түрде сөндіретін өрт дабылдамасы бар. ТЭМ18ДМ-3566 басқару жағынан өте ыңғайлы. Сондықтан көптеген машинистер осы тепловозда жұмыс істеуге ұмтылады. Бірақ ол тек тәжірибелі мамандарға сеніп тапсырылады.

Сандық басқарудан бөлек, кабинада машинистке қолайлы жұмыс кеңістігі құрылған. Микроклиматты қамтамасыз ету жүйесі теміржол қызметкерлеріне маңызды.

– Бүгінде локомотив бригадасының жұмыс орны әлдеқайда ыңғайлы бола түсті - деді Игорь Никитин. – Бөлінген жүйеге назар аударғым келеді. Датчиктер бүкіл кабинада тұрады, қос төбе –ауаны біркелкі таратуға мүмкіндік береді. Жазда мұнда салқын оазис бар. Қыста, керісінше, жылы микроклимат жасалады. Мұндай жұмыс жағдайлары қызметкерлерге өздерін жайлы сезінуге және ауырмауға сеп. 

Жаңа көліктің салмағы – 126 тонна. Бұл ретте ол салмағы 6 мың тоннадан асатын құрамды тарта алады. Салыстыру үшін бұл – 28 Boeing ұшағымен бірдей.

Осындай сипаттамалары бар ТЭМ18ДМ-3566 тепловозының жұмысы бүкіл кәсіпорынның тиімділігіне әсер етіп, өндірістік көрсеткіштерді жақсартуға септеспек.