Комиссия сутегі аяқ асты бөлініп, тау-кен массаларының жанасуынан және статистикалық ұшқынның ыңғыма жұмыстары жүргізіліп жатқан аумаққа таралып, тұтанғанын анықтаған
Мұндайда, сутегінің пайда болуы бақылауға келмейтін табиғи құбылыс. Ол жаратылыста химиялық реакциялардың нәтижесінде тау-кен массасындағы темірдің құрылымындағы өзгерістерден туындайды. Осылайша, сутегінің түзілуі мен бөлінуі табиғи сипатта. Бұл жер астында миллион жылдар бойы жүріп келе жатқан табиғи құбылыс. Ал тұтануға тау-кен жыныстарының үйкелісі себеп болған.
Біз қазір сутегі мөлшерін бақылау мен оны қауіпсіз жолмен жою қамында қосымша шараларды қолға алып жатырмыз. Қазір оқиға орнында жетекші ғылыми-зерттеу институттары жұмысты жалғастырып жатыр. Тау-кен саласындағы тәжірибесі толысқан Қазақстан, Ресей, Түркия мен Германияның жетекші институттар: Тау-кен ғылыми-зерттеу жобалау институты (Пермь, ГИ Уро РАН), «НЦ ВостНИИ» (Кемерово), түріктің ESAM институты, ООО «НПП «Завод МДУ», Орал мемлекеттік тау-кен университеті мен немістің A-Tec компаниялары іске жұмылдырылған.
Сарапшылар дәлдігі жоғары жабдық – хроматографтың көмегімен тау-кен жұмыстарындағы атмосферада зерттеу жүргізді. Газ құрамын анықтады. Нәтижесінде улы және тұтану газдарының мөлшері, соның ішінде көміртегі қышқылының мөлшері де рұқсат етілген нормалардан аспағанын көрсетті.
Қосымша газ қалыптасу, жер асты жұмыстарындағы газдарды басқару, вентилиция жүйесінің жұмысын оңтайландыру көзделген.
Біз қосымша ұйымдастырушылық және техникалық жұмыстарды қолға алдық. Атап айтқанда: ұңғымалар бұрғылап, вентиляцияны нығайтып, шахтадағы газдың құрамын тұрақты бақылап, тау-кен жұмыстарының барлық кезеңдерінде қауіпсіздікті барынша қамтамасыз етуге талпынып жатырмыз.
Жерасты қазба жұмыстары барысында қызметкерлер мен техниканың орналасуын айқындайтын позицялау жүйесі іске қосылып, оған аэрогаз бақылау жүйесі кіріктірілді. Жер астындағы газ құрамы стационарлы газ талдаушы және кеншілердің бас киіміндегі шамға орнатылған ұтқыр газанализаторлардың көмегімен талданып, деректер онлайн режимінде шахтаның дисперчерлік орталығына түсіп тұр.
«Қазхром» ТҰК» АҚ-на қызметкердің қауіпіздігі – ең негізгі басымдық.