Миллион теңге тұратын идея! Қазақстандағы моноқалалардың тұрғындары өздері мекен еткен шаһарлардың инфрақұрылымын жақсарту қамында жыл сайын осындай жүздеген бастама ұсынады. Тек соңғы 5 жылда ERG-дің «туған қалаларынан» 1 297 жобалық ұсыныс түскен. Оның 423-і дауыс беруге жіберіліп, 185 жоба қала тұрғындары тарапынан қолдау тапты. Бұл туралы Лисаков қаласында өткен Tugan Qala ERG форумында мәлім болды.
Бұл – ERG-дің туған қалаларында жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан осымен бесінші, мерейлі Tugan Qala форумы.
– Tugan Qala тұрғындардың өздері тұрып жатқан қалаларды жақсы жаққа өзгертуіне септесіп, нақты қолайлы құралдар мен ашық, айқын іріктейтін жүйе ұсынды,- дейді әлеуметтік технологияларды дамыту қауымдастығының вице-президенті Сәния Арапова. – Бастама жүректен шығып, жүрекке жетті. Жыл сайын келіп түсетін ұсыныс санының үздіксіз артып келе жатқаны соның айқын дәлелі. Бізді бастамалардың сапасы да жақсарып келе жатқаны шын қуантады.
Лисаков қаласында бұл бастама тек өткен жылы қолға алынған. Алайда, бүгінде алғашқы нәтижелерін беріп отыр. Форумға келген 150-ден астам адам осы жоба аясында салынған әр нысанды аралап, әрқайсысымен жеке танысты. Олардың арасында мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы билік, өнеркәсіп индустриясының өкілдері мен қала тұрғандары бар.ERG табысты тәжірибесін бүкпесіз көрсетті: форумға «Қазақмыс», «Qarmet», «Қазатомпром» сияқты тау-кен металлургия компанияларының өкілдері, сондай-ақ моноқалалардың әкімдері қатысты.
Қалалық жағажайдағы воркаут-алаңы, тренажерлары орнатылған спорт алаңы, автотұрақ пен футбол алаңын салу бастамаларын Лисаков тұрғындары қызу қолдап, дауыс берген.
Форумға қатысушылар Tugan Qala жобаларының нақты нәтижелерінен бөлек, өз идеясын жетілдіріп, нақты нысан ретінде іске асырған бастама авторлары – жекелеген адамдармен кеңінен танысып, бұл жолды өздері де еңсере аларын анық білді. Ынта мен ықылас болса, қалаға пайдаңды тигізіп, ажарын ашу әркімнің қолынан келетін іс.
Лисаков тұрғындары осы елді мекенде турзимді дамыту қамында атқарылып жатқан шарадан хабардар болып, еліміздің өзге де осындай моноқалаларында игі істерімен із қалдырған адамдардың өнегелі бастамаларымен танысты. Өздері тұрып жатқан қаланы жақсартуға ұмтылған бұл азаматтардың идеялары бүгінде түрлі қалаға сән беріп, елдің игілігіне жарап жатыр.
Көптен бері бір ойдың жетегінде, жеке жобасын ашуды көздеп жүргендерге «Әлеуметтік желілердің бизнеске жәрдемі: сатылым мен ілгерілету» тақырыбындағы шеберлік сабақтары пайдалы болды. Олар кәсібін мейілінше аз шығынмен барынша қарқынды дамытып, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану тетіктерін меңгеруге талпынды. «Күнделікті өмірде жасанды интеллектіні кеңінен пайдалану» тақырыбындағы тренингке қызығушылар көп болды. Форум «Туған қалам Лисаков» онлайн байқауының жеңімпаздарын марапаттауға ұласты.
– Әлеуметтік жауапты компания ретінде біз қызметкерлеріміздің жұмыс жағдайын жақсартуға қомақты қаражат құйып келеміз. Алайда, қызметіміз мұнымен шектелмейді. Жұмысымыздың ауқымды бөлігі қызметкерлердің отбасыларына, олар тұрып жатқан қалаларға бағытталған, – деді ERG-дің әлеуметтік қамдау жөніндегі директоры Шаттық Әбдіхалықов. – Қала тұрғындары түгел біле бермеуі де мүмкін. Бірақ, ERG мен Қостанай облысының әкімдігі арасында бірлескен әлеуметтік дамыту бағдарламалары бар. Әкімдік пен ERG әлеуметтік инвестицияларды қайда бағыттап, қандай түйткілдерді шешу керек деген бағытта бірлесе қызмет етеді. Инвестициялардың басым бөлігі білім беру, медицина, мәдениет пен спорт, тұрғын үй шаруашылығы мен абаттандыруға жұмсалып келеді. Осы орайда, сонау 2017 жылы әлеуметтік жобалар байқауында айтылған «Tugan Qala» бастамасы осыншалықты кең қанат жайғаны бізді қуантады. 2022 жылдан бері 207 млн. теңгеден астам қаражатқа 23 жоба іске асты. Соның 6-уы осы Лисаковта.
Қазір ERG-дің барлық «туған қалаларында» - Хромтау, Ақсу, Рудный, Лисаков қалалары мен Қашар, Октябрский кенттерінде өтінім берудің келесі кезеңі жүріп жатыр. Тұрғындар мына сайтта бастама шарттарымен танысып, өтінім бере алады. Tugan Qala жергілікті жерлердегі әкімдіктермен серіктестікте, бірлесе іске асырылады.
Eurasian Resources Group Қостанай облысын дамытуға биыл 2,6 млрд. теңге бағыттаған. Мәселен, осыдан 2 бұрын ERG Рудный қаласында 1 200 оқушыға шақталған жаңа мектеп ашты. Білім ұясын мына жерден көре аласыз.
ERG компаниясы еліміздің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға молынан инвестиция құйып келеді. Қызметін бастағалы бері ERG-дің кәсіпорындары орналасқан өңірлерге құйған әлеуметтік инвестицияларының көлемі бүгінде 400 млрд теңгеге жуықтады.
«Tugan Qala» жобасы жайлы
«Tugan Qala» жобасы – ERG жыл сайын облыс әкімдіктерімен арада жасасатын меморандумдар аясында бөлінген қаражаттың қайда бағытталатынын тұрғындардың шешуіне мүмкіндік беретін бастама.
Бастама Хромтау, Ақсу, Рудный, Лисаков қалалары мен Қашар және Октябрьский кенттерінде ісе асырылып жатыр. Былтыр Лисаков қаласында да өтінімдер қабылданды. Жалпы «Tugan Qala» жобасы 2020 жылы қолға алынды.
Оның аясында бүгінге дейін 144 әлеуметтік нысан салынып, іске қосылған. Олардың қатарында балалар мен спорт алаңдары, арт-нысандар мен инклюзивті жағажай, шаңғы роллер жолы және т.с.с. бар. «Tugan Qala» жобасы аясындағы бастамаларды іске асыруға ERG жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден астам қаражат бағыттаған. Толымды ақпаратты мына жерден көре аласыз.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда