ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰҚ» АҚ филиалы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты өндірісті жаңғыртып келеді.
Кәсіпорынға екі заманауи автобус пен екі қуатты шынжырлы тиегіш жеткізілді. Биылдың өзінде зауыт автопаркті жаңартуға шамамен бір миллиард теңге бөлген.
Жаңа автобустарды сатып алу – мердігерлік тасымалдан бас тартып, көліктік қызметті толықтай өз қолына алудың алғашқы қадамы. Автобустар заманауи жайлылық пен қауіпсіздік талаптарына сай жасалған: 360° шолу мүмкіндігі бар бейнекамера жүргізушінің мониторына тікелей шығады, салонда бейнабақылау орнатылған. Эргономикалық орындықтар күнделікті тасымалды әлдеқайда ыңғайлы етті. Қызметкерлер сапардың бұрынғыға қарағанда қолайлы, көліктің сенімді екенін айтып жатыр.
– Барлығы ыңғайлы, кабина эргономикасы өте жақсы, рөлі жеңіл, көрініс кең. Қуана-қуана жұмыс істейміз. Әріптестерім де жаңа автобустарға дән риза, – дейді автокөлік цехының жүргізушісі Жәнібек Мұқанғалиев.
Сонымен қатар, өндірістен шығып кеткен ескі үлгілердің орнына зауытқа жаңа шынжырлы тиегіштер алынды. Олар қазіргі қауіпсіздік пен тиімділік талаптарына сай, жұмысты сенімді әрі жеңілдетуге мүмкіндік береді.
– Жаңа техниканың артықшылығы көп, – дейді автокөлік цехының бастығы Андрей Вистовский. – Артқы көрініс камералары маневр жасауды қауіпсіз етеді, шолу мүмкіндігі жақсарған, жүргізушінің жұмыс орны ыңғайлы. Техника ауыр жағдайға да төзімді.
– Артқы камерасы бар, жарығы жақсы, орындық реттеледі – барлығы жүргізушіге қолайлы болсын деп лайықталған, – дейді жүргізуші Артур Узакпаев. – Ең бастысы, техника төзімді әрі басқаруға жеңіл. Бұл балқыту цехындағы жоғары температурада, тар аумақта аса қажет. Жаңа машиналар осы талаптарға толық жауап береді.
Ескі техниканы заманауи үлгілерге алмастыру апаттық және жоспардан тыс тоқтауларды азайтып, қызмет көрсету шығындарын төмендетуге жол ашады.
– Техниканы жаңарту – жай ғана ауыстыру емес. Бұл – орнықты даму жолындағы нақты қадам, өндірістің тиімділігін арттыру әрі әріптестеріміз үшін қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайын жасау. Бұл бағытта жұмысымызды жалғастыра береміз, – деді Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Ержан Абдулабеков.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда