ERG құрамындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ) бөлімшелерінің техникалық әлеуетін нығайтып жатыр. Кәсіпорынның Көлік орталығына жаңа жол талғамайтын автокран сатып алынып, жүк көтергіш техника паркі толықты.
Жаңа техника фабрикалық жабдықтарды жөндеу, карьерлік техникаларға қызмет көрсету, металл құрылымдарын монтаждау және кәсіпорын нысандарындағы өндірістік жобаларды іске асыруға пайдаланылады.
Автокран 64 метрге дейінгі биіктікте жұмыс атқара алады. Бұл ССКӨБ-тің күрделі көтеру-монтаждау жұмыстарын өз күшімен орындау мүмкіндігін кеңейтеді. Өтімділігі жоғары болғандықтан, техника өндірістік алаңдарда да, күрделі жер бедері жағдайында да тиімді жұмыс істей алады.
– Бізге өндірістік процестердің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Жаңа автокран кәсіпорын нысандарында жұмыстартың кең ауқымын орындауға және өндірістік инфрақұрылымға қызмет көрсету тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, – деді ССКӨБ қосалқы көлік учаскесінің бастығы Александр Меньшов.
Кәсіпорын мамандарының айтуынша, жаңа техниканы енгізудегі басты мақсат – көтеру-монтаждау жұмыстарының қауіпсіздік деңгейін арттыру. Оның негізгі элементі – көтеру операцияларын басқарудың интеллектуалды жүйесі. Бұл жүйе жұмыс режимдерін бақылап, рұқсат етілген шекті жүктемелерге жақындаған кезде ескерту береді және қауіпті жағдай туындаған жағдайда, автоматты түрде жарық және дыбыстық сигналдар қосады. Бұл техниканың шамадан тыс жүктелуі мен аударылып кету қаупін айтарлықтай төмендетеді.
Машинистер үшін жоғары өндірістік жүктеме жағдайында да жайлы еңбек етуге барлық жағдай жасалған. Кабина заманауи ауа баптау және жылыту жүйелерімен, сондай-ақ жақсартылған шу және діріл оқшаулағыштарымен жабдықталған.
– Кабина алдыңғы үлгілерден айтарлықтай ерекшеленеді. Машинист орындығы бірнеше қалыпта реттеледі, бұл ұзақ ауысым кезінде шаршауды азайтуға сеп. Үлкен панорамалық әйнектер жұмыс аймағын кеңінен бақылауға мүмкіндік беріп, операцияларды орындау қауіпсіздігін арттырады, – деді ССКӨБ жалпы құрылыс машиналарының машинисі Нағашыбай Назаров.
Жаңа машина – Қазақстандағы осы модификациядағы алғашқы автокран. Оның ССКӨБ-ке жеткізілуі кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымын дамытуға және жөндеу-монтаждау жұмыстарын орындау тиімділігін арттыруға бағытталған техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасының кезекті кезеңі. Жыл басынан бері ССКӨБ техника паркі төрт автобуспен, төрт вахталық автокөлікпен және екі автокранмен толықты. Техниканы жаңарту жұмыстары жалғасады: күзде тағы төрт автобустың жеткізілуі күтілуде.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда