08 Шілде 2026

ERG Корпоративтік университеті Қазақстанда алғаш болып EFMD CLIP халықаралық аккредитациясынан сәтті өтті

Eurasian Resources Group (ERG) Корпоративтік университеті EFMD Corporate Learning Improvement Process (CLIP) халықаралық аккредитациясын алып, осындай мәртебеге жеткен еліміздегі тұңғыш корпоративтік университет атанды. Бұл аккредитация ERG-дің корпоративтік оқыту жүйесінің ең үздік әлемдік стандарттарға сай екенін, бизнестің стратегиялық бағыттарымен тығыз ұштасқанын және компанияның ұзақ мерзімді мақсаттарына жетуіне қосатын үлесін айғақтайды.

EFMD CLIP – корпоративтік оқыту мен персоналды дамыту сапасын бағалайтын жетекші халықаралық жүйелердің бірі. Көптеген білім беру аккредитацияларынан айырмашылығы, CLIP жекелеген бағдарламаларды емес, бүкіл корпоративтік оқыту жүйесін тұтастай бағалайды. Оның ішіне оқыту жүйесінің компания стратегиясымен байланысы, білім беру процестерінің сапасы, заманауи технологияларды қолдану, ішкі сарапшылар мен оқытушыларды дамыту, сондай-ақ оқытудың бизнес нәтижелеріне тигізер әсері кіреді. Бүгінде бұл стандарт бойынша аккредиттелген ұйымдар қауымдастығына Siemens, Volkswagen Group, L'Oréal, Santander, Allianz, Novartis және ArcelorMittal сияқты әлемдік жетекші компаниялардың корпоративтік университеттері мен оқыту құрылымдары енген.

ERG Корпоративтік университеті – компания қызметкерлерінің құзыретін дамытатын бірыңғай орталық. Ол қызметтің барлық негізгі бағыттары бойынша кешенді оқыту жүйесін іске асырып келеді. Білім беру экожүйесінің қатарында: 5 корпоративтік академия, цифрлық білім беру платформасы, ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлердегі оқу орталықтарының желісі, заманауи VR және симуляциялық оқыту технологиялары, Кәсіби біліктілікті тану орталығы, басшылар мен сарапшыларды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ ішкі оқытушылар мен тәлімгерлердің үлкен қауымдастығы бар.

Корпоративтік университет жыл сайын 220 мың сағаттан астам оқыту өткізеді. Бұл бағдарламалар қызметкердің бүкіл кәсіби жолын қамтиды: жұмысшы кадрларды даярлау, инженерлік құзыреттерді дамыту, басшыларды оқыту, цифрлық дағдыларды қалыптастыру, жобаларды басқару және қауіпсіздік мәдениеті.

CLIP аккредитациясын алу – ERG Корпоративтік университетінің халықаралық деңгейде мойындалуының кезекті кезеңі. Бұған дейін университет оқытудың бизнес нәтижелеріне әсерін бағалаудың жоғары деңгейін растайтын EFMD LIFT Learning Impact халықаралық сертификациясынан Қазақстан мен ТМД аумағында бірінші болып сәтті өткен еді.

– ERG-де қызметкерлерді дамыту – негізгі стратегиялық басымдықтардың бірі. EFMD CLIP аккредитациясының басты құндылығы – оның бизнестің стратегиясымен байланысынан бастап, компания нәтижелеріне нақты әсерін бағалауға дейінгі тұтас корпоративтік оқыту жүйесінің толысқанын растауында. Бұл халықаралық мойындау біздің әлемдік озық тәжірибелерге сай келетін білім беру ортасын құрып жатқанымызды көрсетеді. ERG Корпоративтік университетінің Қазақстанда бірінші болып осы аккредитацияны алуы біз үшін өте маңызды. Бұл тек атқарылған жұмысқа берілген жоғары баға ғана емес, сонымен қатар үздіксіз оқу мәдениетін одан әрі дамытуға, заманауи білім беру технологияларын енгізуге және болашақтың сын-қатерлеріне жауап бере алатын мамандарды даярлауға берілген үлкен серпін, – деп атап өтті Қазақстандағы ERG бас директорының персонал және мәдениет жөніндегі орынбасары Гүлзада Төлебаева.

– EFMD CLIP аккредитациясы ERG Корпоративтік университеті үшін халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, әлемдік озық тәжірибелермен алмасуға және корпоративтік оқыту мен таланттарды дамыту көшбасшыларының жаһандық кәсіби қауымдастығына қатысуға жаңа мүмкіндіктер ашады, – дейді ERG Корпоративтік университетінің директоры Валентина Сатарова.

Аккредитациялау рәсіміне ERG Корпоративтік университетінің Білім беру шешімдерін әзірлеу жөніндегі басшысы Айжан Базарбаева жетекшілік етті.

ERG Корпоративтік университеті туралы

ERG Корпоративтік университеті – Eurasian Resources Group компаниясының құзыреттерді дамытатын біртұтас орталығы. Университет компанияның стратегиялық басымдықтарына сәйкес қызметкерлерді даярлауды қамтамасыз етіп, үздіксіз оқу мәдениетін дамыта отырып, кәсіби оқыту, өндірістегі қауіпсіздік, инженерлік, басқарушылық және цифрлық құзыреттерді дамыту бағдарламаларын жүзеге асырады.

EFMD Global туралы

EFMD Global – әлемнің 90-нан астам еліндегі жетекші бизнес-мектептердің, корпоративтік университеттер мен компаниялардың басын біріктіретін халықаралық коммерциялық емес ұйым. EFMD менеджментті, көшбасшылықты және корпоративтік оқытуды дамыту саласындағы ең беделді халықаралық қауымдастықтардың бірі саналады. Corporate Learning Improvement Process (CLIP) бағдарламасы – тәуелсіз сараптамалық бағалауға және үздік әлемдік тәжірибелерге негізделген, корпоративтік оқыту құрылымдарын бағалайтын және аккредитациялайтын жетекші халықаралық жүйе.

ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда