16 Қыркүйек 2026

Қашар жылу орталығы жаңа жылыту маусымына дайын

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдері ERG құрамындағы «Қашар кені» АҚ Қашар жылу орталығына дәстүрлі баспасөз турын өткізді. Жөндеу жұмыстарының барысымен танысу жылу көзінің сенімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Қашар жылу орталығы Қашар кентінің тұрғын алабын да, активтің өндірістік алаңының нысандарын да жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.                       2025 жылы жабдықтарды жөндеу мен жаңартуды нақты қаржыландыруға 81,8 млн теңге жұмсалып, ал 2026 жылы инвестициялық бағдарламада негізгі техникалық іс-шараларды орындауға тағы 65 млн теңге көзделген.

 - Қашар жылу орталығы кент пен өнеркәсіп алаңын тұрақты жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық нысан, - деп атап өтті «Қашар кені» АҚ Бас директоры Георгий Литовченко. - Бес жылдық инвестициялық бағдарлама шеңберінде жылу көзінің жабдықтарын жаңғыртуға және жүйелі жаңартуға 352 миллион теңгеден астам қаражат бағытталды. Орындалған жұмыстар кешені қуатты газға ауыстыру есебінен өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді. Біздің басты міндетіміз – кез келген пайдалану жағдайында жылу орталығының тұрақты, сенімді және экологиялық қауіпсіз жұмыс істеуіне кепілдік беру.

Баспасөз турының бағдарламасына Департамент өкілдерінің назарына ұсынылған екі нысан кірді. Бұл – қуаты 630 кВт СЭ 1250-140-11 желілік сорғы мен жылыту су құбыры.

 - Біз жыл сайын жылу көзінің негізгі тораптарын жоспарлы түрде жаңартып отырамыз. Пайдалану мерзімі аяқталған желілік сорғылар ауыстырылды. Сорғыларды ауыстыру жылу беру кезінде кез келген қауіптің алдын алу үшін бірінші кезектегі міндет болды. Сондай-ақ бас коллектордан деаэрациялық-қоректендіру қондырғысына дейінгі қыздыру суы құбырының проблемалық учаскесіне күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңартылды. Мұндай жүйелі жұмыс бізге алдағы жылыту маусымында жылу орталығының сенімді және үздіксіз жұмыс істеуіне толық сенімділік береді, – деп атап өтті Қашар жылу орталығының бастығы Александр Петрушков.

 Қашар жылу орталығы тұтынушыларға  жылуды үздіксіз беруге дайын.

ERG өмірі туралы көптеген жаңалықтар ресми  телеграм-арнасында